Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » АБАТТАНДЫРУ ЖҰМЫСЫНДА ҚАРҚЫН БАР

АБАТТАНДЫРУ ЖҰМЫСЫНДА ҚАРҚЫН БАР

Шиелі ауданында тұрғындардың экологиялық сауатын көтеру, қоршаған ортаны таза ұстауға бағытталған іс-шаралар жүйелі өткізіліп келеді. Бүгінде әр апта сайын мекеме қызметкерлері мен тұрғындардың қатысуымен өтетін сенбілік жұмыстары дәстүрге айналып, нәтижесінде аудан ажары артуда.
Аудан әкімі Айтбай Жандарбеков кенттегі көркейту және абаттандыру бағытындағы жұмыстар легімен танысты. Атап айтқанда, Яссауи, Шәкәрім, Әбдікәрімов көшелеріндегі көпқабатты тұрғын үйлердің сыртқы келбетін жаңарту, құрылыс материалдарымен қаптау жұмыстары жүргізіліп жатқан аймақтарды аралап, тиісті мамандарға құрылыстың сапалы аяқтауын тапсырды.
Сондай-ақ зерделеу барысында тұрғындармен жүздесіп ұсыныс-пікірлерін тыңдады. «Абаттандыру – бұл тек сыртқы көріністі жақсарту емес, тұрғындарға жайлы, қауіпсіз және көрікті орта қалыптастырудың маңызды негізі» деді аудан әкімі.
Сенбілік аясында аудан және барлық ауылдық округтердегі күл-қоқыстар, арық-атыздар тазаланып арнайы орындарға жөнелтілді.

«Өскен өңір» ақпарат
17 маусым 2025 ж. 51 0