Ұлытау обылсында тұрғын үй құрылысы қарқын алды

Жәйремде биыл пайдалануға берілетін бір коммерциялық үй салынып жатыр. Сондай-ақ, халықтың әлеуметтік осал топтары мен көпбалалы отбасылар үшін өткен жылы 80 пәтер берілсе, биыл Наурыз мерекесі қарсаңында республикалық бюджет есебінен тағы 40 пәтер берілді. Бұл туралы Ұлытау облысының әкімі Дастан Рыспеков Қаражал қаласының тұрғындарымен кездесу барысында мәлімдеді.
Биыл республикалық бюджет есебінен Қаражал қаласында қосымша 10 пәтер сатып алу жоспарланған. Сонымен қатар, 96 пәтерді сатып алу үшін 1,4 млрд теңгеге өтінім беру мүмкіндігі қарастырылып отыр. Ал 2026-2028 жылдары Қаражалда 100-ден астам бір қабатты екі пәтерлі үйлер салу жоспарланған. Бұл жоба халықтың әлеуметтік осал топтарынан 200-ге жуық отбасын баспанамен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Қаражал қаласындағы Тәуелсіздік көшесі, 12-үйде тұрғындар үшін қайта жаңарту жұмыстары жүргізілуде. Бұдан бөлек, жергілікті бюджет есебінен жалпы құны 2,8 млрд теңгені құрайтын 6 инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым жобасы іске асырыла бастады. Бұл жоба 25 көпқабатты үйді (719 пәтер) және 373 жеке тұрғын үйді инженерлік желілермен қамтамасыз етуге бағытталған. Қаражалдағы жеке тұрғын үйлерге (89 учаске) инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым жүргізу үшін облыстық бюджеттен 55 млн теңге бөлінді. Жалпы тұрғын үй құрылысына 3,8 млрд теңге қарастырылып, оның ішінде Қаражал қаласына 200 млн теңге бөлінді. Сонымен қатар, Қаражал мен Жәйремде автомобиль көлігіне арналған автотұрақ құрылысы жүріп жатыр. Бұл жобаны аяқтау үшін облыстық бюджеттен 512 млн теңге қарастырылған. Жәйремдегі автотұрақ құрылысын аяқтау мақсатында Төтенше жағдайлар министрлігіне қосымша қаражат бөлуге өтінім берілді. Бұл шаралар елді мекендердің өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етуге септігін тигізбек.