Қызылорда облысында 1608 пәтерлік 94 тұрғын үй пайдалануға беріледі
Қызылорда облысында биыл 1608 пәтерді құрайтын 94 тұрғын үй пайдалануға беріледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Биыл облыста «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында 2158 пәтерді құрайтын 105 тұрғын үйдің құрылысы жүргізілмек. Ал жыл аяғына дейін 1608 пәтерлік 94 тұрғын үй пайдалануға беріледі деп күтілуде. «Айта кетерлігі, «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында биыл 695 пәтерді құрайтын 49 арендалық тұрғын үй пайдалануға беріледі. Оның ішінде 232 пәтер халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарына табысталса, 463 пәтер аз қамтылған көп балалы отбасыларына арналған. Сонымен қатар, ҚР Ұлттық қор есебінен бөлінген 2.8 млрд теңгеге аз қамтылған көп балалы отбасылар үшін 342 жалға берілетін пәтер сатып алынады», - деді облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы басшысының орынбасары Арнұр Нұрмағанбетов. Сондай-ақ, Қызылорда қаласының сол жағалауынан 2022-2023 жылдары мемлекеттік бағдарлама аясында 9 және 12 қабатты үйлер салынады деп жоспарлануда. Айта кетсек, Қызылорда облысында биыл 355 шақырым жол жөнделеді.
https://www.inform.kz
https://www.inform.kz