Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Жас дарындар азаттықты жырлады

Жас дарындар азаттықты жырлады

Тәуелсіздік – ұлттың ең асыл құндылығы, қазақ халқының ғасырлар бойы аңсаған арманының ақиқаты. Осы ұлы мерекенің құрметіне «Руханият» орталығында аудандық балалар кітапханасының ұйымдастыруымен мазмұны терең, тәрбиелік мәні зор «Тәуелсіздік – тұғырым, мәңгілік ел – ғұмырым» атты байқау өтті.
Шараның мақсаты – жас ұрпақтың бойына отансүйгіштік рухты дарыту, ұлттық құндылықтарға деген құрметін арттыру, поэзия арқылы елдік сананы қалыптастыру. Байқау Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранымен салтанатты түрде ашылды. Әнұран әуені шырқалған сәтте қатысушылардың жүзінен мақтаныш сезімі байқалып, рухани бірлік пен елге деген сүйіспеншілік ерекше сезілді. Бұл – тәуелсіз елдің ұрпағы екенін жүрекпен сезінген балаға үлкен шабыт беретін сәт еді.
Жиынға «Өскен өңір» газетінің тілшісі Сұлушаш Мадиярова, аудандық қоғамдық даму бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің бас маманы Ынтымақ Боранбайұлы және аудандық балалар кітапханасының кітапханашысы Перуза Түлкібай қазылық етті. Әдебиетке, өнерге жақын жандардың төрелік етуі байқаудың әділ әрі мазмұнды өтуіне ықпал етті.
40-қа жуық жас өрен жиналған бұл сайыста қатысушылар тәуелсіздік тақырыбына арналған өлеңдерді жүрек тебірентерлік мәнермен оқып, қазақ елінің өткені мен бүгінін, елдік мұратты, еркіндік идеясын көркем сөзбен жеткізді. Әр бала сахнаға шыққанда, поэзияға деген құштарлығы мен туған жерге деген адалдығы сезіліп тұрды.
Қазылар алқасының шешімімен бас жүлдеге лайық деп танылған І орын Зияткер мектебінің оқушысы Раяна Баймырзаға бұйырды. Өзінің дауыс мәнері, шығарманы терең түсініп жеткізе білу шеберлігі оны өзгелерден ерекшеледі. ІІ орын №270 Ғ.Мұхамеджанов мектебінің шәкірті Нұрасыл Сәрсенбаевқа берілсе, ІІІ орынды осы мектептің оқушысы Шыңғысхан Қарынбай иеленді.
Жүлдеге ілікпеген өзге қатысушылар да назардан тыс қалмады. Барлығы түрлі номинация және алғыс хатпен марапатталды. Бұл – олардың еңбегіне деген құрмет қана емес, рухани дамуға жасалған ынталандыру еді.
Осындай іс-шаралар жас ұрпақтың жүрегіне елдік рухты ұялатып, тәуелсіздіктің қадірін терең түсінуге жол ашады. Өлең оқыған әр бала – ертеңгі елдің жанашыры, ұлттық құндылықтың қорғаушысы. Тәуелсіздік жылнамасына тағылым қосқан бұл байқау өскелең ұрпақ санасына мәңгілік ел идеясын сіңіріп, рухани дамудың жаңа белесіне жетелеген игілікті қадам болды. Тәуелсіздік – тұғыр. Оны биік ұстайтын да, мәңгілік ел болашағын жарқын ететін де – бүгінгі осындай өрелі жастар.

С.БАХТИЯРҚЫЗЫ
17 желтоқсан 2025 ж. 30 0

Қоғам

АДАЛ ЕҢБЕКТІҢ ДӘМІ ТӘТТІ
17 желтоқсан 2025 ж. 29

PDF нұсқалар мұрағаты

№96 (9363)

16 желтоқсан 2025 ж.

№95 (9362)

13 желтоқсан 2025 ж.

№94 (9361)

09 желтоқсан 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031