Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » ӨНДІРІСКЕ ҰТЫМДЫ ҰСЫНЫСТАР ЕНГІЗГЕН

ӨНДІРІСКЕ ҰТЫМДЫ ҰСЫНЫСТАР ЕНГІЗГЕН

Қоғамда қарапайым еңбек адамына деген құрмет кеміген емес. «Семізбай-U» ЖШС-нің Иіркөл кенішінде жұмыс істейтін компрессор қондырғысының машинисі Калмахан Спанов – кәсіпорынның тәжірибелі қызметкерінің бірі.

Ол – Жаңақорған ауданында туып-өсті. Орта мектепті аяқтағаннан кейін кейіпкеріміз Шалқия кен орнында құрылысшы болып еңбек етті. Отан алдындағы борышын өтеу үшін әскер қатарында қызмет атқарды. Туған жеріне оралған соң өрт сөндіру бөлімінде жұмыс істеді. 2000 жылы отбасылық жағдайына байланысты Шиеліге қоныс аударып, Қарамұрын кенішіне слесарь болып жұмысқа қабылданды. Он екі жылдан кейін Қ.Спанов өз ісінің нағыз маманы ретінде жаңа Иіркөл кен орнын игеруге жіберілді. Содан бері тағы он екі жыл өтіп, бүгінде ол өндірістің ардагері атанып отыр. Осы жылдар ішінде тәжірибелі маман арнайы комиссия қарауына екі жүзден аса ұтымды ұсыныс енгізіп, олардың көпшілігі өндірісте қолданып, экономикалық ахуалдың жақсаруына өз үлесін қосты. Адал еңбегі үшін кейіпкеріміз түрлі мемлекеттік мекемелердің диплом, грамота және алғыс хатымен марапатталған. Жақында оның кеудесіне ерен еңбегі үшін «Қазақстанның атом саласының ардагері» төсбелгісі тағылды. Қазіргі таңда кейіпкеріміз бай тәжірибесін жас әріптестері – Әбдрахман Абдуллаев пен Зейнолла Ғарифоллаға үйретуде. Қ.Спанов бос уақытында көгершін бағады. Әріптестері мен туғандарының айтуынша, ол – қолынан бәрі келетін жан. Сантехник, слесарь, ағаш ұстасы шеберлігін меңгерген, сондай-ақ бау-бақшамен де айналысқанды ұнатады. Мұны білетін достары мен көршілері жиі көмекке шақырып жатады. Мұндай жағдайда Қалмахан ешкімнің өтінішін жерге тастамайды. Білікті маман бүгінде – берекелі, тату отбасының отағасы. Шиелі көпсалалы орталық аудандық ауруханасында медбике болып жұмыс істейтін жұбайы Ақбөпе Сұлтановамен бірге ұл-қыздар тәрбиелеп, немере сүйген бақытты ата-әже .


М.КЕҢЕСҰЛЫ, сурет автордікі

08 желтоқсан 2025 ж. 20 0

Қоғам

ҚАРЫЗҒА БАЙЛАНҒАН ҚОҒАМ

08 желтоқсан 2025 ж.

ЖӨЛЕКТІҢ ЖАҢАРҒАН КЕЛБЕТІ

08 желтоқсан 2025 ж.

PDF нұсқалар мұрағаты

№93 (9360)

06 желтоқсан 2025 ж.

№92 (9359)

02 желтоқсан 2025 ж.

№91 (9358)

01 желтоқсан 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031