Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Кәсіпкерлер үшін әкімшілік жүктеме азайтылады

Кәсіпкерлер үшін әкімшілік жүктеме азайтылады


Себебі «Кәсіпкерлік қызметті реттеуді жетілдіру» туралы заң жобасы аясында мыңға жуық өзгерту енгізілмек. Бұл туралы Ұлттық экономика министрінің орынбасары мәлімдеді. Мәселен, енді мемлекеттік қадағалау қызметін реформалау аясында бақылау институты құралады. Яғни әкімшілік іс қозғалмай тұрып, ескерту жасалады. Бұрын қандай да бір заң бұзушылық анықталса, кәсіпкерлер бірден жазаға тартылатын. Енді алдымен ескерту беріліп, белгіленген мерзімде олқылықтың орнын толтыруы тиіс. Ал бизнес өкілдері бұған құлақ аспаса, мемлекеттік орган өкілдеріне жоспардан тыс тексеру жүргізуге мүмкіндік беріледі. Серік Жұманғарин, ҚР Ұлттық экономика министрінің орынбасары: - Дұрыстамаса, бизнес субъектілері айыппұл төлейді, жазаға тартылады. Біздің ойымызша, үлкен реформа. Біздің қоғамның ішкі климатын, психологиялық микроклиматын өзгертетін, Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасына сәйкес келетін реформа.

24.kz
05 маусым 2018 ж. 792 0