Қазақ халқының дәстүрі мен дінінің үндестігі
Материал Алматы қаласы Дін істері жөніндегі
басқармасымен ұйымдастырылған байқауға қатысу мақсатында дайындалған
Қазақ халқының рухани болмысы мен өмір салтына көз жүгіртсек, оның әрбір қадамы дәстүрмен астасып, дінмен үндесіп жатқанын байқаймыз. Дәстүр – халықтың сан ғасырлық тәжірибесінен туындаған өмірлік қағидасы болса, дін – сол дәстүрдің мәнін айқындап, оны құндылықтармен байытқан сарқылмас қайнар. Қазақ халқы ислам дінін қабылдағаннан кейін бұрыннан бар әдет-ғұрыптарын діннің асыл қағидаларымен үйлестіріп, халықтық мәдениеттің ажырамас бөлігіне айналдырды. Мәселен, қазақтың жеті ата дәстүрі – туысқандықты қадірлеудің, қан тазалығын сақтаудың амалы болса, исламдағы «қарындас хақысы», «бауырмалдық» қағидасымен өзектесіп, ұрпақ бойына имандылық пен ізеттілік дәнін септі. «Асар» дәстүрі – елдің бір-біріне қол ұшын беруі, шын мәнінде Құранда айтылған қайырымдылық пен сауапты істердің өмірлік үлгісі іспетті. Сондай-ақ, баланың дүниеге келуіне байланысты жасалатын «шілдехана», «бесікке салу» сияқты салттар, шын мәнінде, Алланың берген аманатын құрметтеп, оған дұға жасап, адал тілекпен өсірудің көрінісі. Қазақ дастарқанына қойылған ас та тек қана қонақкәде емес, «қонақ – Құдайдың қонағы» деген сенімнің салтанаты. Жаназа шығару, жоқтау айту, дұға бағыштау секілді дәстүрлер де ислам шариғатының негіздеріне сүйеніп, ел ішінде бекіген. Халқымыздың мақал-мәтелдерінде де дәстүр мен діннің бірлігі айқын көрінеді: «Дін – ислам, дәстүр – салтымыз», «Дәстүрлі ел тозбайды, дінді ел азбайды» деген нақылдар соның айғағы. Қазақ үшін дәстүр мен дін – қос қанат. Бірі – ата-бабадан жеткен аманат, екіншісі – Жаратушыдан келген шапағат. Осы екеуі үйлесім тапқанда ғана халықтың рухани тұтастығы, ұрпақтың тәрбиесі, елдің ынтымағы сақталады. Қазақ даласында қалыптасқан дәстүрлер діннің қарапайым қағидаларын тұрмыстың ажырамас бөлігіне айналдырып, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келеді. Сол себепті қазақ дәстүрін діннен бөліп қарастыру мүмкін емес, өйткені екеуі де халықтың жаны мен жүрегінде біте қайнасып кеткен.
Мая Жакеева