Алматының бас имамы: Ауырып қалған жағдайда оразаны ашуға болады

Алматының бас имамы менингококк дертіне байланысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Айтуынша, мұсылман қарыз болған ораза күндерін кейін сауыққанда өтей алады.
«Рамазан – әрбір мүміннің асыға күтетін береке мен мейірімге толы ай. Алайда, Алла Тағала адам баласына тек қана жеңілдік қалайтынын, ауырлық қаламайтынын естен шығармауымыз қажет. Сол үшін Алла Тағала адамның түрлі жағдайлары мен күйін ескере отырып қажеттілік туындаған кездерде оразасын үзіп, кейінірек қайта өтеуіне Құранда рұқсат берді. Себебі, біздің дініміз ешбір уақытта, ешкімге ауырлықты жүктемейді. Керісінше қоғамның өсіп-өркендеуіне қолайлы жағдай жасап, адамзаттың өмірін жеңілдететін дін», – деді дін қызметкері.
Stan.kz