АУДАН ӘКІМІ АЙТБАЙ ЖАНДАРБЕКОВ ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУ ӨТКІЗДІ

Аудан басшысы әрбір тұрғынның мәселесін мұқият тыңдап, заң аясында нақты түсініктеме беріп, шешу жолдарын қарастыруды тапсырды. Жұмыс сұраған азаматтарға аудандағы кәсіпкерлік нысандар мен мекемелердегі бос жұмыс орындары ұсынылды. Сонымен қатар, қоғамдық жұмысқа орналастыру мүмкіндіктері қарастырылып, жауапты бөлімдерге нақты тапсырмалар жүктелді.
Тұрғын үй мәселесі бойынша тиісті санаттарға сәйкес кезекпен қамту жұмыстары жүйелі түрде жүргізіліп жатқаны түсіндірілді.
Қабылдауға келген әрбір мәселе бойынша зерттеулер жүргізіліп, заң талаптарына сай шешім қабылданатын болады.
Айта кетейік, аудан әкімінің жеке қабылдауына жазылу үшін egov.kz порталы, e-otinish базасы немесе әкімдікке келіп, жазбаша өтініш қалдыру арқылы тіркелуге болады.
Шиелі ауданы әкімінің баспасөз қызметі