Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » 75 ШАҢЫРАҚҚА СЕБІЛГЕН БЕРЕКЕ ДӘНІ

75 ШАҢЫРАҚҚА СЕБІЛГЕН БЕРЕКЕ ДӘНІ

Ауылдың сәні – жайқалған егінінде ғана емес, бір-біріне сүйеу болған адамдарында. Қарап тұрсаңыз, шынайы байлық – жинаған дүниеде емес, елдің алғысы мен ауылдың ықыласында екен. Осыны жүрекпен сезінген азаматтың бірі – Бағлан Әшірбеков.
Жомарт жүректі жан жыл сайын ауылда дәстүрлі түрде қайырымдылық шарасын өткізіп келеді. Бұл – тек көмек емес, ауылдастарға «сен жалғыз емессің, қасыңда қолдаушың бар» деген жан жылуы. Биыл Бағлан мырза көпбалалы және жас отбасыларды қолдау мақсатында 75 отбасыға күріш таратты.
Бір қап күріш – кейбіреу үшін қарапайым ғана дүние болуы мүмкін. Бірақ тұрмыс тауқыметін арқалаған жас шаңырақ үшін ол – үлкен демеу, көпбалалы ананың дастарқанына береке, балалардың алдағы күнге деген үміті. Әр қаптың артында кәсіпкердің жүрек түбіндегі ізгі ниеті, ауылына деген жанашырлығы жатыр.
Қазақ ежелден «Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын» деген. Бағлан мырзаның бұл ісі – ауылдағы өзге азаматтарға да үлгі, ізгілікке шақырған үндеу. Себебі жақсылықтың үлкені-кішісі болмайды. Кімде-кім ауылына бір тал ағаш ексе де, бір шәкірттің оқуына жағдай жасаса да – соның бәрі елдің іргесін бекітетін іс.
Қайырымдылық – жүректің тілін табу. Ал жүректен шыққан іс – көпке үлгі, елге шапағат. Бүгінгі ауылдың шынайы құндылығы да осында.
Дәстүрге айналған ізгілігі – ауылдың рухани байлығы. Бұл тарихта қалатын, келер ұрпаққа өнеге болатын ізгі жол. Өйткені ауылды көркейтер – биік ғимараттар мен үлкен жобалар ғана емес, дәл осындай қарапайым, бірақ жүректі жылытқан жақсылықтар.

С.МАДИЯРОВА
27 тамыз 2025 ж. 27 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№64 (9331)

26 тамыз 2025 ж.

№63 (9330)

23 тамыз 2025 ж.

№62 (9329)

19 тамыз 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031