Халықтың әл-ауқатын көтеру бағытындағы жұмыстар жіті назарда

Күн тәртібінде Жол картасындағы ауыл шаруашылығын дамыту бағыты бойынша ауыл шаруашылығы және жер қатынастары, инфрақұрылымдық жүйелерді жақсарту бойынша, тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомомбиль жолдары бөлімі басшыларының және сайлауалды бағдарламасының орындалуы жайында Бәйтерек және Талаптан ауылдық округі әкімдерінің есебі тыңдалды.
Шиелі аудандық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі басшысының орынбасары Е.Меңлібеков:
– 2025 жылдың 1 тамызға статистика мәліметтеріне сәйкес ауыл шаруашылығы саласы бойынша 5788,8 млн тенгенің өнімі өндіріліп, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 102,5 пайызға артты, – деп атқарылған жұмыстарға шолу жасады.
Бұдан кеейін сөз алған аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомомбиль жолдары бөлімі басшысы Ғ.Аманжолов бақылау коммисиясына берген есебінде елді мекендердің сумен жабдықтау жүйесін жақсарту бағытындағы жұмыстар бойынша аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің тапсырысымен «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы аясында Қызылқайың елді мекеніне және Қосүйеңкі елді мекеніне ауызсу мен қамту жүйелернің және бас су қоймаларының құрылысына барлығы 446 618,0 мың теңге қаржы бөлініп, бас мердігер «Дәнекер құрылыс компаниясы» ЖШС-мен құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізіліп, нысандар пайдалануға берілгенін атап өтті.
– Сонымен қатар бөлім тапсырысымен Шиелі ауданы Майлытоғай елді мекеніне су көтеру мұнарасын (25 текше метр) сатып алу және орнатуға аудандық бюджеттен
2025 жылға аудандық бюджеттен 6 876,8 мың теңге қаржы бөлініп, «Техоснастка» ЖШС-мен су көтеру мұнарасы орнатылды.
Одан бөлек Тұрсынбай датқа, Бұланбай бауы, Майлытоғай, Бiрлестiк, 1 Мамыр елдi мекенiндеріндегi ауызсу ұңғымасы, су мұнарасы, су коймасы жəне iшкi желiлерiнiң құрылыстарына жобалау-сметалық құжаттамалар әзірленіп, ведомстводан тыс кешенді сараптама оң қортындылары алынып, құрылыс-монтаждау жұмыстарына бюджеттік өтінім тапсырылды.
Биылғы жылы Ақтам және Тоғайлы елді мекендеріне су тұщытқыш кешенді блок-модульдер орнатуға аудандық бюджеттен 42,0 млн теңге қаржы бөлініп, мемелкеттік сатып алу конкурстары жүргізілді.
Ақтам елді мекенінде «ЖК Кожасовамен» 18 889,0 мың теңгеге, Тоғайлы елді мекенінде «GG.GROUP» ЖШС-мен 17 484, 3 мың теңгеге су тұшытқыш кешенді блок-модульдер орнатылды деп, – басқа да индикативтік көрсеткіштерге назар аударды.
Байтерек ауылдық округініу әкімі С.Жүсіпов өзінің сайлау алды бағдарламасын орындау барысында 2025 жылдың шілде айында ауылдың телімдік арка жұмысы 15,0 миллионға орындалып, жұмысы бітті, қолданысқа берілгенін атап өтті.
Сонымен қатар ауылдағы барлық көше жарыққа тартылған. Тозығы жеткен бес көшеге бағаналар орнатылып, жаңадан сымдары тартылып, екі трансформатор орнатылып, жұмыстар жалғасып жатыр. Енді екі трансформатор желісінің қойылуы біткен соң тұрғындардың жарыққа деген өтініші орындалады.
– Біз көше жөндеу жұмыстары оның асфальтқа құжаттары қайтадан жасалып, тиісті мекемелерге өткіздік және өз күшімізбен шынара гравий төсеу жұмыстарын жүргіздік. Төрт көшеге және сонымен қатар, 22 шақырым елді мекендеріне көшелерін ГПС грабий төсеп, көше жарықтарын, аялдама, газ жүргізіп, іске қосып, пайдалануға бердік.
Ауылдағы қараусыз қалған стадионды демеушілер арқылы қайтадан қалпына келтіру жұмыстарын жүргізіп жатырмыз, оны осы жылдың аяғына дейін іске қосатын боламыз.
Елді мекендегі клуб үйінің сыртқы жұмыстарын қалпына келтіріп, жөндеп іске қостық. Ауыл тұрғындарына жеңілдіктерін несие алып беріп, олар өз кәсіптерін іске асыруда. Тұрмысы төмен отбасыларға ұдайы көмек беріп келеміз, олар біздің ылғи да басты назарымызда болады. Тазалық жұмыстарын күн сайын атқарудамыз, ол жұмыстар жалғаса береді деп, – сөзін түйіндеді.
Талаптан ауылдық округіні әкімі Х.Тажиев өз кезегінде Н.Жандаев көшесіне ұзындығы 1,346 км ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілгенін жыл басынан бері 3 (үш) көшені ағымдағы жөндеу жұмыстарына, Б.Палымбетов көшесінің электр бағаналарын ауыстыру және осы көше бойына қосымша трансформатор орнату жұмыстарына жоба сметалық құжаттар дайындалып, аталған жұмыстарды орындау мақсатында қаржы бөлу үшін аудандық экономика және қаржы бөліміне қажетті қаржыға өтінім берілгенін тілге тиек етті.
– Сонымен қатар «Таза Қазақстан» Республикалық экологиялық акциясы аясында үнемі сенбілік жұмыстары ұйымдастырылып, аудан орталығына, «Оқшы ата мазараты» аумағында тазалық жұмыстары жүргізіліп келеді. Аудан әкімдігі бастамасымен «Оқшы ата мазараты» тұсындағы «Батыс Қытай – Батыс Европа» тас жолы мен темір жол аралығындағы жерді көгалдандыру мақсатында қораланып, көшеттер отырғызылған аумақ кіретін 10 гектар жерге мемлекеттік жер актісі рәсімделді.
«Оқшы ата» мазаратының зиярат етіп келушілерге, жолаушылардың намаз оқуына арналған намазхана ғимаратын, меморалдық тақтаны, үштаған соғылған аймақты және кіре берістегі арканы сот арқылы иесіз деп танылып, Талаптан ауылдық округінің теңгеріміне алынды.
Ауылды абаттандыру мақсатында санитарлық тазалық, көркейту және көгалдандыру жұмыстары жүргізіліп, елді мекен ішінде 1000 нан аса түрлі саялы ағаштар егілді. Ауылдық округтегі мемлекеттік мекемелер аулаларына терек, қара ағаш, жеміс ағаштарының көшеттері отырғызылды.
Д.Әлімбаев және С.Сейфуллин көшесіне ауыл азаматтарының демеушілігімен 25 дана жарық шамдары орнатылды, – деді. Қарап отырсақ бұл ауылда да біраз тындырымды тірліктер жасалғанын байқауға болады.
Партиялық бақылау коммиссиясын төрағасы мен мүшелері есеп берген лауазымды тұлғаларға сұрақтар қойып, халықтың әл ауқатын көтеру бағытындағы жұмыстар «AMANAT» партиясының жіті назарында болатынын атап өтті.
Айдар Бақытжанұлы,
сурет автордікі
сурет автордікі