Ерекше сүйіспеншілікпен әрлеген

Өнегелі отбасы ауданымыздың өсіп өркендеуіне айшықты үлес қосқан. Ұл -қыз өсіріп, Құдайға шүкір, ата мен әже болып та үлгерді. Қазір екеуі де еңбек демалысында болса да қарап отырған жоқ, кәсіпкерлікпен айналысып, халыққа қызмет көрсету саласында жұмыс жасайды.
Хош, бүгінгі айтайын дегеніміз, бұл кісілердің айналамызды абаттандыру, көркейту, гүлдендіру бағытында жасап жатқан жұмыстары жайлы болмақ.
Біз жақында ол кісілердің ауласын ерекше ыждағаттылықпен сүйіспеншілікпен әсемдеп, әрлеп, көздің жауын алатындай етіп қойғанына куә болдық.
Руслан ағамыз кәсіпкерлік нысанның алдын әуелі тегістеп, бетон құйып, ағын су келетін арықтар жасады. Бұдан кейін достары арқылы құнарлы топырақ алдырып, гүл егетін жер дайындады,
Ал гүл өсіру мен оны баптау Гүлнар апамыздың еншісіне тиді. Алғашында шырмауық гүл шықпай кала ма деген кауіп те болған, дегенмен булығып өскен өсімдік дәл қазір жайқалып тұр.
Мұндай гүлге көшеде қараусыз бейсуат жүрген сиырлар да онша тиісе қоймайды екен. Қараусыз мал демекші, қазір көшеде ондайлар азайған сияқты. Өйткені оларды құзырлы мекемелердің қызметкерлері «айып тұрағына» тоғытады.
Әңгімеміздің түйіні – Махмудовтар отбасының өнегелі ісінен үлгі алып, кент тұрғындары, кәсіпкерлік нысандардың иелері тұрып жатқан, пайда тауып жүрген жерлерін гүлдендірсе ғой, шіркін. Өкінішке қарай мұндай үрдіс әлі жаппай етек жая қоя қойған жоқ.
Кейбір адамдар есігінің алдына гүл екпек түгілі, шөп-шаламнан да тазартпайды. Олармен сөйлесе қалсақ, бұл тірлікті мемлекеттік мекеме қызметкерлері немесе қоғамдық жұмысқа тартылған азаматтар жасау керек деген пікір айтады. Сонда айналамыздың тазалығы, көркею-көгалдануы тек соларға керек пе?
Айдар Бақытжанұлы,
сурет автордікі
сурет автордікі