Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » "АРДАГЕРЛЕРДІ АРДАҚТАЙЫҚ" ПАРТИЯЛЫҚ ЖОБАСЫ: ӘЛІМБАЙ САҒЫМБАЙҰЛЫМЕН КЕЗДЕСУ

"АРДАГЕРЛЕРДІ АРДАҚТАЙЫҚ" ПАРТИЯЛЫҚ ЖОБАСЫ: ӘЛІМБАЙ САҒЫМБАЙҰЛЫМЕН КЕЗДЕСУ

"Ардагерлерді ардақтайық" партиялық жобасы аясында Талаптан ауылдық округі, мәдениет үйі және "Бала би" бастауыш партия ұйымының ұйымдастыруымен спорт саласының ардагері Дәулетов Әлімбай Сағымбайұлымен кездесу кеші өтті.

Кездесуге аудандық Аналар кеңесінің төрайымы Нәйла Палымбет, партияның консультанты Біржан Өтебай, дене тәрбиесі, спорт және туризм бөлімі басшысының міндетін атқарушы Беркінбай Ермағанбетов және спорт ардагерлері, ауыл ардагерлері, мұғалімдер мен шәкірттер, ағайындар қатысты.

Әлімбай Сағымбайұлы 1951 жылы Қызылорда облысы, Шиелі ауданына қарасты 30 жылдық ауылында дүниеге келген. Жастайынан еңбекке бейім, әділеттілік пен адалдықты ту еткен ол туған ауылындағы №50 орта мектепті аяқтап, Шымкент қаласындағы педагогикалық институттың дене шынықтыру факультетіне оқуға түседі. Жоғары оқу орнын 1966 жылы тәмамдап, туған ауылына оралып, өзі білім алған мектебіне дене шынықтыру пәнінің мұғалімі ретінде жұмысқа орналасады. Ұстаздық қызметімен қатар ауыл жастарын салауатты өмір салтына баулып, спортқа деген қызығушылығын оята білді. Әлімбай Сағымбайұлының ерекше еңбегі мен бапкерлік қабілетінің арқасында ауыл жастары грек-рим және қазақ күресінің қыр-сырын меңгеріп, спорт саласында үлкен жетістіктерге қол жеткізді.

42 жыл еңбек еткен спорт ардагері «Қазақстанның Алтын кітабы» энциклопедиясына енген. Ұстаздың ұлағаты тек мектеппен шектелмейді. Қазіргі таңда Әлімбай ағай отбасында да өнегелі әке бола білді. Жұбайы – Күлайхан Әшірбековамен бірге 5 баланы тәрбиелеп өсіріп, барлығына жоғары білім берді. Екі қызы ұстаздық жолды жалғастырып жүрсе, ұлдары ауылшаруашылығы саласында кәсіпкерлікпен айналысып, жастарға жұмыс ұсынып, туған ауылына үлес қосуда. Жұбайы Күлайхан апай – ауылдың белсенді азаматы, әйелдер кеңесінің төрайымы ретінде де қоғамға өз үлесін қосып келеді.
Дәулетовтер әулеті – Шиелі ауданындағы үлгілі отбасылардың бірі. Әлімбай Сағымбайұлының өмір жолы – жас ұрпақ үшін тағылым мектебі. Ол – өз ісіне адал, ұрпақ болашағына жауапкершілікпен қараған шын ұстаз. Оның өмірлік ұстанымы, еңбегі мен табандылығы – бүгінгі жас мамандарға үлгі, болашақ педагогтарға бағыт. Қазіргі таңда зейнеткер. Ол кісінің жасы биыл 74 жасқа толса да, үнемі ақыл – кеңесімен бөлісіп отырады.

Шараға жан жақтан келген шәкірттері ыстық ықыласын білдіріп, өмірлік ұстазын марапаттады. Кездесуде партияның атынан арнайы құттықтау Алғыс хат пен сый-сияпат табысталды.

31 шілде 2025 ж. 125 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№56 (9323)

29 шілде 2025 ж.

№55 (9322)

28 шілде 2025 ж.

№54 (9321)

22 шілде 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031