Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА КЕЗЕКТІ СЕНБІЛІК ӨТТІ

«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА КЕЗЕКТІ СЕНБІЛІК ӨТТІ

Жуырда Шиелі ауданында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында кең ауқымды сенбілік ұйымдастырылды. Сенбілік барысында аудан әкімі Айтбай Насриддинұлы бірқатар нысандарды аралап, тазалыққа үлес қосқан тұрғындарға алғысын білдіріп, қоршаған ортаға жанашырлық танытудың маңызын атап өтті. Сенбілік аясында аудан орталығындағы көшелер мен саябақтар, арық-атыздар тазартылып, арам шөптер шабылды. Жиналған тұрмыстық қалдықтар арнайы техникалармен шығарылып, тиісті орындарға жеткізілді.  Бұл тазалық жұмыстарына аудан орталығы ғана емес, барлық ауылдық округтердің тұрғындары да белсене қатысып, бірлік пен ұйымшылдықтың үлгісін көрсетті.
@Шиелі ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.
19 шілде 2025 ж. 198 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№72 (9439)

22 қыркүйек 2026 ж.

№71 (9438)

19 қыркүйек 2026 ж.

№70 (9437)

15 қыркүйек 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930