Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » ТАЛ БЕСІКТЕГІ ТРАГЕДИЯ

ТАЛ БЕСІКТЕГІ ТРАГЕДИЯ

«Балалы үй – базар» дейді халқымыз. Бірақ бүгінде кейбір балабақшадағы жағдайлар бұл даналықтың салмағын жоғалтып бара жатқандай. Ел аумағында мектепке дейінгі білім беру мекемелерінде орын алған бүлдіршіндерге зәбір көрсету оқиғалары жиілеп барады. Тіпті Шиелі өңірінде де тіркеліп, резонанс тудырды. Журналистік этикаға сай мекеменің атауы аталмаса да, бұл жағдай бала қауіпсіздігіне қатысты ұлттық деңгейдегі мәселелерді қайта күн тәртібіне шығарды. Ай мен күннің аманында, бейбіт елде өсіп келе жатқан балалардың осындай қатыгездік көріп жатқаны – өте аянышты әрі алаңдатарлық жайт.

Ата-ананың таңертең қолынан жетектеп, сеніммен балабақшаға апарып тапсырған баласы түсте көгеріп, жылап қайтса – бұл тек бір отбасының трагедиясы емес, бүтін қоғамның трагедиясы. Әлеуметтік желідегі пікірлерге, ата-аналардың сұхбаттарына сүйенсек, көпшілігі тәрбиешілерге деген сенімнің әлсірегенін, балабақшаға бала жіберуге қорқатынын ашық айтуда. Шиелі кентінің тұрғыны Іңкәр Аяптың төмендегі пікірі талай ананың жүрегіндегі күмән мен үрейді дөп басып тұр: – Кішкентай балам үш жасқа толмақ. Бірақ тілі толық шықпағаны үшін балабақшаға беруге қорқамын. Ондағы жағдайлар жайлы естігенде жаным түршігеді. Балаларымыз бақытты болуы керек, қорлық көру емес! Психолог мамандардың айтуынша, мұндай жағдайлар бір ғана адамның мінезіне немесе әрекетіне тіреліп қалмайды. Бұл – қордаланған жүйелік мәселе. Аудандық педагогпсихологтардың секция жетекшісі Ләззат Төлешованың пікірінше: – Балабақшада балаға қол көтеру – тек тәрбиешінің шыдамсыздығы ғана емес, оның ішкі күйзелісінің, отбасындағы мәселесінің көрінісі болуы мүмкін. Тәрбиешінің тек дипломы емес, адамгершілігі мен жан жылуы маңызды. Егер маман балаларға деген сүйіспеншіліктен ада болса, онда ол тәрбиеші емес, қауіп көзіне айналады. Сондықтан мектепке дейінгі мекемелер мамандарды жұмысқа қабылдау кезінде тек білім мен тәжірибеге емес, олардың психологиялық жай-күйіне, адамгершілік құндылықтарына да терең үңілуі тиіс. Баламен жұмыс істеу – үлкен жауапкершілік пен жан жылуын талап ететін ерекше сала. ҚР Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, қазіргі таңда елімізде 11800-ден астам мектепке дейінгі мекеме жұмыс істейді, онда 104 мыңға жуық педагог еңбек етуде. Осы саладағы қызметкерлердің кәсіби деңгейін жүйелі түрде арттыру үшін әрбір педагогтің кемінде үш жылда бір рет біліктілік арттыру курсынан өтуі міндеттелген. Сондай-ақ жыл сайын балабақша тәрбиешілерінің 30 пайыздан астамы арнайы бағдарламалар бойынша біліктіліктерін арттыру курстарына қатысып, әдістемелік біліммен қатар, психологиялық дайындық, баламен қарым-қатынас жасау мәдениетін меңгеруде екен. С о н ы м е н қ а т а р к ө п т е г е н балабақшада бейнебақылау камералары орнатылуда. Бұл ата-аналарға белгілі бір дәрежеде сенімділік береді. Алайда камера жоқ бөлмелерде не болып жатқанын ешкім дөп басып айта алмайды. Қазіргі таңда қоғам тәрбиешілерге қойылатын талаптарды күшейтуді, о л а р д ы ң қ ы з м е т і н е н а қ т ы жауапкершілік жүктеуді талап етіп отыр. Тек бейнебақылау орнату немесе біліктілік курсымен шектелу жеткіліксіз. Ең бастысы – осы мамандықты таңдаған адамның бала жанына деген сезімталдығы мен жауапкершілігі болуы керек. Б а л а ғ а з ә б і р к ө р с е т к е н тәрбиешілерге қатысты жазаны қатаңдату қажет. Бұл заң тұрғысынан нақты қарастырылып, қылмыстық жауапкершілікке тартуға дейінгі шаралар болуы тиіс. Сонда ғана тәрбиешілер жұмыс орнын жай табыс көзі емес, үлкен жауапкершілік екенін терең түсінетін болады. Егемен еліміздің ертеңі – бүгінгі балғындар. Олар қорлық емес, қорған көруі тиіс. Балабақша – тек білім мен тәрбие орны ғана емес, бала жүрегіндегі алғашқы сенімнің мекені. Егер осы сенімді жоғалтсақ, келешек ұрпақтың санасында үрей мен сенімсіздік ұялауы мүмкін. Сондықтан мектепке дейінгі мекемелерді тәртіп пен мейірім ұясына айналдыру – мемлекет, қоғам, ата-ана және тәрбиеші болып отырған жандардың ортақ міндеті. Бала – болашағымыз, ал болашаққа немқұрайлық танытудың құны тым қымбат. Балаға мейірім – ұлтқа үміт. Балабақша – сол үміттің алғашқы баспалдағы болуы тиіс.

С.БАХТИЯРҚЫЗЫ

02 шілде 2025 ж. 49 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№48 (9315)

01 шілде 2025 ж.

№47 (9314)

28 маусым 2025 ж.

№46 (9313)

24 маусым 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031