Мамандар: Супермаркеттегі арбалар қауіпті болуы мүмкін
Дүкенге барып, сауда жасау қазақстандықтарды ауруханадан бірақ шығаруы мүмкін. Тиісті сараптама жүргізген еліміздің тұтынушылар лигасы осындай тұжырымға келіп отыр. Супермаркеттердегі арбаларды тексеріп шыққан сарапшылар бірден қолдарын жууға жүгірген. Сөйтсе, арбалар қоғамдық көліктегі қоршаулардан да лас екен.
Шаш пен шаң араласқан тағамның қалдықтары. Мұның бәрі, әдетте, тұтынушылар тауарларын қоятын жерде тұр.«Тек ірі супермаркеттерде ғана оның үстіне жаңа арбалар ғана таза болып шықты. Ал қалғандары кірден көрінбейді. Біз осыған байланысты дүкендерге шағымдандық. Олар бір рет жуған, бірақ қазір бұл арбалар қайтадан кірлеген», – дейді Қазақстан тұтынушылар Ұлттық лигасының басқарма төрағасы Светлана Романовская.
Ал, кейбір супермаркеттердегі арбалар мұнтаздай тап-таза. Себебі, дүкен қожайындары бірінші кезекте тазалыққа аса мән береді екен.
«Айына бір рет арнайы тағайындалған жерде барлық арбаларды жуып тұрамыз. Бірақ бұл олар қалған уақытта кір деген сөз емес. Бізде арбалардың тазалығын бақылайтын және олар кірленген кезде жуып тұратын қызметкерлер бар»,- деді сауда желісі филиалының директоры Лариса Астемирова.
Арбалардың тазалығы әрине, дүкен иелерінің ар-ұжданында. Жаңа жағдайға байланысты мамандар санитарлық жағдайды тексере алмайды. Сондықтан, супермаркеттердегі арбалар мен себеттер бір жарым жыл бойы санитар дәрігердің ескертуінсіз жөнделіп, жуылып жүр.
«Оларда қауіпті. Егер дөңгелек ұшып кетсе балаға немесе тауарларға зиян келеді. Сондықтан оларды қарауға, жууға және дезинфекциялауға мiндеттi», – деді Алматы қаласы денсаулық сақтау басқармасының бастығы Анель Мусаева.
Ал, жас ана Дария Ғалымжанқызы мұндай арбаларды ұнатпайтынын айтады. Ол оны әдеттегі сатып алушылар секілді ұлына жеңіл арба ретінде пайдаланбайды және басқаларға қолданбауға кеңес береді. Оның айтуынша, дөңгелекті арбада қандай бактериялардың бар екенін ешкім білмейді.
«Бұл ыңғайлы зат, оларсыз сауда жасай алмайсың. Бірақ, олар арба мен себеттердің тұтқасының тазалығын қадағалайтын болса жақсы болар еді. Баланы арбаға отырғызып, заттарды үстіне қоятындар да бар. Менің ойымша, бұл өте ыңғайсыз және гигиенаға сай емес»,- деді Дария Ғалымжанқызы.
Тұтынушының бұл ойымен эпидемиологтар да келіседі. Оларды тексерудің нәтижелері қатты алаңдатты. Сөйтсе, арбалар бактериялар мен вирустарға толы екен. Ал, бұл кез-келген адамды ауруханадан бірақ шығаруы мүмкін. Өйткені сатып алған өнімдегі қаптаманың өзі, тұтынушыны ішек инфекциясынан қорғай алмайды. Арбадан алынған қаптамасы бар өнім тікелей үстелдің үстіне қойылады. Сондай-ақ, сөмкелерге арналған орындары бар арбаларға ерекше көңіл бөлінеді. Қазақстандықтар мұндай жерге балаларын жиі отырғызады.
«Әрине, олар балаларды тасымалдауға арналмаған. Бірақ қазір біз мұндай жағдайды бақылап жатырмыз. Менің ойымша, мұнда ата-ананың қамқорлығы, қырағылығы рөл ойнауы керек. Бұл вирустық инфекциялар тұрмыстық заттар арқылы да берілуі мүмкін»,- дейді Алматы қаласындағы балалар қалалық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасы, бас дәрігерінің орынбасары Айнұр Уәлиева.
Stan.kz