Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Балаларға саябақ керек

Балаларға саябақ керек


Кез-келген қалада, аудан орталығында арнайы балалардың демалыс саябақ бар және олар жыл он екі ай үздіксіз жұмыс істеп, оларға қуаныш сыйлайды. Онда түрлі ойын алаңдары, әткеншектер, алтыбақан, атракциондар, ақылы велосипедтер, ат арбалар, өздігінен қозғалатын қондырғылар (самокат), паркте не болу керек, солардың барлығы бар.
Бізде саябақ болмай қалған жоқ, болды. Теміржол саябағы­ның қоршалған би алаңында балалардың ойын алаңы ашылып, балалардың қуанышы көпке созылмай су сепкендей басылды, яғни, көп ұзамай жабылып қалды.
Саябақтың атасы Шиелінің бір шетінен, халықтың асар тәсілімен, С.Шаухамановтың бас­тамасымен ашылып, қоршалып, ағаш, гүлдер отырғызылды, әр мекеме, ұжымдар әртүрі көркейту, көгалдандыру жұмыс­тарымен айналысты. Бұл жер нағыз демалыс орнына айналды. Көп демалыс шаралары, мерекелер осында өтті. Жұрт ағылып келіп-кетіп жататын. Бүгінде түсініксіз жағдайда парк жұмыс істемей тұр. Арнайы келіп саябақты ешкім жапқан жоқ, ұйымдастырушылар ешбір шара ұйымдастырмаған соң өздігінен жұмысын тоқтатты. Саябақты кезбелер кезіп, ішімдік ішетін орынға айналдырып жіберді. Бірер жеке үйлер тұрғызды. Әйтеуір, оң қапталына балаларды оңалту орталығы түсіп, жұмыс істеп тұр, кіреберіс қақпа тұсы, кейбір егілген ағаштары әлі тұр. Балалар демалыс саябағын осы арадан қайта ашу керек.
А.нұриддинұлы.
21 сәуір 2018 ж. 2 053 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№72 (9439)

22 қыркүйек 2026 ж.

№71 (9438)

19 қыркүйек 2026 ж.

№70 (9437)

15 қыркүйек 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930