Өз демалысымызды өзіміз ұйымдастырсақ...
Шиелі кентінен жанға саялы, жұртқа ыңғайлы жерлерінен демалыс орындарын жасақтап, көпшілік жұрт сейіл құрып отыратын жайларды ашу туралы ұсыныс-пікірді аудандық газет бетінен оқып, риза болып қалдық.
Шиеліде арықтарына су келетін көше көп. Әр көшеде саябақ, демалыс орындарын ашуға ыңғайлы, тиімді, көрікті жерлері бар. Демалыс орындарын балалардың ойын алаңдарымен ұштастырып, балалар көлеңкеде ойнағаны дұрыс. Аудан әкімдігі де бұл бағытта тиісті жұмыс жасап жатыр. Әткеншек, алтыбақан, арнайы таза құм үйілген орындар болса тіпті жақсы. Бұл демалыс орнында мәні зор сөздер жазылған көрнекіліктер ілінсе, көше аты берілген адамдардың еңбектері дәріптеліп, өмірінің жарқын сәттері насихатталса. Гүл өсіріліп, ескерткіш бейнелер орнатылса... Мысалы, төңкерістік ақсақалдар мектеп бағының көлеңкесін сағаласа, Нартай ауылының ардагерлері ескерткіш, музей, клуб айналасынан табылып жүр, ақмаялық ақсақалдар ауыл кеңсесінің саябағынан табылады. Ыбырай ауылында ескерткіші орнатылған бақтан табылса, еңбекшілдіктерге ұқсап көп ауылдарда мешіт үйлерінде бас қосады. Отырған жерлерінде шаруа мәселелері, ауылдың проблемалары, ел жаңалықтары, Елбасы Жолдауы, үндеулері, ауыл, облыс проблемалары, республика тынысы, Корея, Ресейде, АҚШ-та не болып жатыр? – бәрі сүзгіден өтеді. Бірі білмегенді екіншісі жалғайды. Тәрбиелік мәселелер қозғалса отбасына, ұл-қыздарына жеткізеді, өзінің де саяси және діни сауаты ашыла түседі. Өзінің қоғамға әлі де қажеттігіне көз жеткізеді. Демалыс орындарын жасақтау, сол елдің мәдениетін тазалығын, салауаттылығын танытар еді. Шахмат, дойбы, бильярд, теннис ойындарын ойнау алаңдары болса тіпті керемет болар еді. Бұлардың бәрі үйлердің, көшелердің, ең бастысы, кентіміздің келбетін келтіріп, сәнін аша түсері анық. Туған өлкеміздің келбетін келісті етіп, келешегіне жаңалық енгізе берсек, оның тиімділігін де көретін өзіміз.
Алтай
НУРИДДИНҰЛЫ.