Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Өмір жолы көпке өнеге

Өмір жолы көпке өнеге

Алмас Сармантаев – Ішкі істер органдарының ардагері. Зейнетте болса да, ауданның қоғамдық өміріне белсене араласады. Жастарды тәрбиелеу, оларға үлгі көрсетуде де алдыңғы қатарда.
Кәсіби мереке қарсаңында ол кісінің үйіне барып, құттықтап, өмір жолы жайлы әңгімесіне құлақ түрдік.
– Әкем ­— Оразалы Сармантаев мемлекеттік банкте қызмет етіп, зейнеткерлікке шыққан. Анам — Шайхан Имашова үй шаруасында. 5 ұл, 3 қыз тәрбиелеп өсіріп, бәрімізге жоғары білім алуымызға жағдай жасап, мұғалім, теміржолшы, заңгер болып елімізге адал қызмет етуімізге мүмкіндік берді. Алдымыз зейнеткерлікке шығып, әр салада елге қызмет етумен қатар, немере-шөберелерін тәрбиелеп отыр. Әкеміз 2000 жылы қазан айында өмірден өтті. Оның есімі Қазалы ауданында орналасқан Жеңіс саябағында данқ тақтасына жазылған.
Өзім 1961 жылы Қазалы ауданында дүниеге келдім. 1978 жылы Қазалы қыстағындағы Ж.Жабаев атындағы №234 қазақ орта мектебін үздік бітірдім. Сол жылы 6 айлық автокөлік жүргізушілер курсын бітіріп, «Нефтебаза» мекемесіне оператор болып жұмысқа орналасып, 1980 жылдың қазан айында әскери борышымды өтеуге шақырылдым.
Хабаровск өлкесінде әскери борышымды өтеп, 1982 жылдың желтоксан айында елге келдім. 1983 жылы Қазалы аудандық Ішкі істер бөлімінің патрульдік қызметіне қабылданып, сол жылдың сәуір айында Гурьев (қазіргі Атырау) қаласындағы Ішкі істер министрлігінің 6 айлық кіші басшылық құрамын даярлайтын курсын үздік бітірдім.
1985 жылы Мәскеу қаласында өтетін Дүниежүзілік ­жастар мен студенттердің 12-ші фестивалінің өткізілу кезінде қоғамдық тәртіп сақтау, қылмысты болдырмау, алдын алу мақсатында құрылған ҚазССР Ішкі істер министрлігінің №14 арнайы жасақ құрамында 1 ай қоғамдық тәртіп сақтауға қатысып, мақтау грамотасымен марапатталдым.
1985 жылы КСРО Ішкі істер министрлігінің Астрахань қаласындағы арнайы милиция мектебінің күндізгі бөліміне оқуға түсіп, 1987 жыл ойдағыдай бітірдім, – дейді.
Ол 1987-1993 жылдары Қазалы аудандық Ішкі істер бөлімінде анықтаушы учаскелік инспектор қызметін, 1993-1996 жылдары Байқоңыр қалалық Ішкі істер басқармасында взвод командирі, әкімшілік бөлімінің инспекторы және аға инспектор қызметін атқарды. Бірнеше қызмет сатыларынан соң милиция бөліміне аға тергеуші қызметін атқарып жүріп, 2007 жылдың ақпан айында зейнеткерлікке шықты. Сонда да бос жатпады. «Шиелі Қорған Казатомпром» филиалында ауысым бастығы қызметін атқарды. Қазіргі уақытта уақытын бос өткізбеу мақсатында денешынықтыру мен айналысады, кітап оқиды. Сонымен қатар ГРЭ-23 аумағының ардагерлер ұйымының төрағасы.
Жолдасы Зоя Қожабайқызы мемлекеттік «Жадыра» балабақшасында қызмет атқарады. Екінші ұлы Бақыт, келіні Назым әке жолын жалғап, Ішкі істер саласында еңбек етуде.
Кейіпкерімізбен сұхбатымыз аяқталған бойда оның ауласында жасап жатқан тіршіліктермен таныстық. Қорасында қой-ешкі толып тұрса, бақшасында неше түрлі жеміс ағашы жайқалып тұр. Одан бөлек ГРЭ мөлтек ауданының тұрғындарына үлгі көрсетіп көше жақ бетке де саялы ағаштарды егіп, көгертіп отыр.

Айдар Бақытжанұлы,
сурет автордікі
24 маусым 2025 ж. 27 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№48 (9315)

01 шілде 2025 ж.

№47 (9314)

28 маусым 2025 ж.

№46 (9313)

24 маусым 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031