Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Кәсіби шеберліктің қыр-сырын меңгерген

Кәсіби шеберліктің қыр-сырын меңгерген

«РУ-6» ЖШС №2 геотехнологиялық учаскесінің алтыншы разрядты слесарь-жөндеушісі Бауыржан Төлепбергенов – 1963 жылы Жаңақорған ауданында дүниеге келген. Оның әкесі Қазақстан Журналистер одағының мүшесі Мырзақасым Төлепбергенов –елімізге белгілі тұлға. Кезінде Өркен Исмаил ағамыз «Өскен өңір» газетінде «Мәдениеттің Мырзақасымы» атты көлемді мақаласы жарық көрді. Бұл жерден көзі қарақты оқырман елге сыйлы азаматтың бізге беймәлім қырлары мен сырларын білгендей. Кейіпкеріміздің анасы Роза Жаппасбаева апамыз Қазақстанның ағарту саласының үздігі, жарты ғасырға жуық мектепке дейінгі тәрбиелеу мекемесінде абыройлы қызмет атқарған. Хош, біздің бүгінгі әңгімеміз олардың ұлдары жайлы болмақ.
Бауыржан Шиелідегі А.С.Пушкин атындағы №46 мектепте оқыған. Әскер қатарынан оралғаннан кейін №3 құрылыс-монтаж бөлімінде мұнара кранының операторы болып жұмысқа орналасады. №3 СМУ ол кезде №6 кен басқармасының құрылымдық бөлімшелерінің бірі болатын. 90-жылдардың басында ауыр дағдарыс басталды. Көп ұзамай СМУ таратылды. Кейіпкеріміз отбасын асырау үшін басқа жұмыс іздеуге кіріседі.
– Мен көп еңбек еттім. Бау-бақшамен айналыстым, аудандық ауруханада жүргізуші болып жұмыс істедім. Шиелі мен Орал арасында сауда да жасадым. 2001 жылы «Қорған-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС Шиелі отрядының жедел әрекет ету тобына жүргізуші ретінде жұмысқа қабылдандым. Содан кейін көп ұзамай «РУ-6» ЖШС-на жөндеуші болып ауыстым, – дейді бізбен ашық-жарқын әңгімесінде Б.Төлепбергенов.
Өндірісте кәсіби шеберліктің қыр-сырын оған Сайрам Тоқсейітов үйретті. Әр істі ыждағаттылықпен жасайтын Бауыржан қазіргі кезде білікті маман. Жылдар бойы жинаған мол тәжірибесін жастармен бөлісіп жүр. Ол жұмыспен қоса спортты қатар алып жүреді. Мәселен, «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК АҚ спартакиадасына волейбол, бадминтон және жеңіл атлетика сияқты спорт түрлерінен он жеті рет қатысқан. Сондай-ақ ардагерлер арасындағы волейбол турнирлерінде «OPRAP-Shieli» (Атом саласы жұмысшыларының кәсіподағы) командасының капитаны болған.
Отбасында асқар тау, сүйікті жар. Жұбайы Гүлнар Нәлтаева аудандық емханада дәрігер болып жұмыс істейді. Үш баласы бар.
Үлкен ұлы Бексұлтан – Пенза артиллерия және инженерлік институтын бітірген. Қазір ол қазақ армиясында офицер. Ерсұлтанның мамандығы – эколог, цемент зауытында менеджер болып жұмыс істейді. Ал Диас Алматыдағы жоғары оқу орнын бітіріп, Шиелідегі өндірістік мекемелерінің бірінде еңбек етуде.

Айдар Бақытжанұлы,
сурет автордікі
23 маусым 2025 ж. 29 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№45 (9312)

21 маусым 2025 ж.

№44 (9311)

17 маусым 2025 ж.

№43 (9310)

14 маусым 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30