Ынтымақтастықтың нақты белгісі

Екі елдің ынтымақтастығының бір белгісі – көптеген білімді жастарымыз Қытай елінің рейтингі жоғары ірі оқу орындарында оқып жатқандығы. Солардың қатарында – Перизат Нұрғалиқызы да бар .
Ол Шиелі кентінде дүниеге келген. Әкесі Нұрғали Мақашұлы 25 жыл ішкі істер саласында басшылық қызмет атқарып, қазір отставкадағы подполковник. Анасы Гүлсін Әжікеева аудандық көпбейінді орталық ауруханасында мейіргер болып қызмет етеді.
Біздің Перизатпен әңгімеміз төмендегідей өрбіді.
– Мен 2009 жылы №45 «Ақ Орда» мектеп-гимназиясы табалдырығын аттадым. Оқуға түскенімде Жібек Баймұратова апай директор қызметін атқарды. Кейіннен Айнұр Архабаева басшылық етті. Орта сыныптарда Тұрсын Назарова, Жазира Махашева апайларым сынып жетекші болған. Мектепте гимназия сыныбында оқыған соң, домбыраны да шертіп үйрететін. Музыка пәнінен бөлек арнайы «терме» пәнін өтетінбіз. Мектепте іс-шараларда ән айтып, би билеп белсенді оқушылардың бірі болдым. Оқушы кезімде аудандық музыка мектебінде қатар оқыдым. Би мен әнге қатыстым. Әннен Нариман ағайым жақсы жетеледі. Өнерге қабілетім әкемнен дарыған. 2020 жылы мектепті тамәмдадым. Сол жылы Алматыдағы Еуразиялық университетке экономика және бизнес басқару мамандығына оқуға түстім. 2020-2021 жылдары карантин уақыты, онлайн оқыдық. 2022 жылы 2-курста университетте үздік оқығаным үшін Түркия еліне практикаға жіберді. 6 ай Анталия қаласында болып, сол жақта түрік тілін тез үйреніп алдым. 3- курс оқып жүргенімде «мен шет елде оқуым керек» деп көп айтатынмын. 2024 жылы университетті бітірдім. Оқуымды жалғастыру мақсатында іздене бастадым. Сөйтіп көршілес Қытай еліне оқуға түсуге бел байладым. Ел таңдарда «экономист» ретінде анализ жасадым. Қазір көш бастап тұрған мемлекеттердің бірі, Қытайдан үйренеріміз көп. 5000 жылдан бері мәдениетін, ұлтын сақтай отырып дамыған мемлекеттер қатарында. Қарап, іздеп Қытайдағы Ухань қаласына Хубей университетіне (грантқа түстім, ай сайын степендиясымен, жатақханасымен Қытай мемлекеті қамтамасыз етіп отыр. 1931 жылы бой көтерген бұл оқу орыны үздік университеттердің қатарында. Бұл елде қазақ студенттері де бар. Хубей униерситетінен жалғыз қазақ болып ЖангХан (универтитетіне мәдени фестиваліне университет атынан, Қазақстанды таныстыруға шақырту алдым. Өнер көрсетіп, мәдениетімізді, ұлтымызды таныстырдым. Қытайда қазақы нақышта әшекейлер, аспаптар табу қиынға соқты. Қытайға келерде көк туымды ала кеткенім бекер болмапты. Әшекейлерді арнайы тапсырыспен алдырып, фестивальге үлкен мақтанышпен барып келдім, – деді.
Бізде өз тарапымыздан Перизатқа оқуын үздік бітіріп, туған еліне аман- есен оралып, оның өркендеуіне өз үлес қосуына тілектестігіміз бен сенімімізді білдірдік.
Дария Мақсұт