Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Алғысқа лайық ақ халатты

Алғысқа лайық ақ халатты

Қоғамда сан түрлі мамандық бар. Солардың ішінде адам жанының арашасы болып, тәніңе шипа, жаныңа дауа болып, ұлт саулығын басты назарда ұстап, ұрпақтың амандығын ойлайтын ақ халатты абзал жандардың орны бөлек. Өйткені бұл жандар сырқаттың сырын анықтап, науқастың аяқтан нық тұруына жағдай жасайды. Медицинаның атасы­ Гиппократ: «дәрігердің жүзі жылы, ұқыпты, киімі таза, қолдары жұмсақ, жағымды болу керек» деген екен ертеректе. Расында, әрбір пенде жанын қоярға жер таппай қиналғанда дәрігердің көмегіне жүгінетініміз жасырын емес.
Денсаулық – адам үшін баға жетпес байлық. Иә, ауданда халық алғысын алып, ыстық ықыласына бөленген дәрігерлер қатары көп десек, солардың бірі – Салтанат Тілеулиева.
Өздеріңізге белгілі, жасы келген адам, оның үстіне І топтағы мүгедек кісі арушаң келетіні айдан анық. Менің осы 82-жыл ғұмырымда ақ халатты абзал жандардың көптеген қамқорлығын көргенім жасырын емес.Осы орайда, ақ халаттылардың кәсіби мерекесі қарсаңында «Болашақ» дәрігерлік амбулаториясының аймақ мейіргері Салтанат Оразханқызының қалтқысыз қызметін тілге тиек еткім келді. Әрдайым үйімізге келіп, жағдайымызды біліп, дәрігерлер берген ем-домын жасаумен қатар, жылы сөздерімен біздерге, қарт кісілерге жан жылуын сыйлай біледі.
Әрине, адам жанының бағбаны болу оңай емес. Дәрігер болу үшін жүректілік, шыдамдылық, білім мен біліктілік, аса сақтық, ұқыптылық, жауапкершілік, адалдық, шексіз мейірімділік, адамның тәнін ғана емес, жанын емдей алатын психолог бола білу керек. Ең бастысы, мамандықты сүю керек. Осы асыл қасиеттер Салтанаттың бойынан табыла білді. Салтанат Оразханқызына «Өркеннің өссін, ғұмырлы бол!» деген батамызды беріп, әрдайым тілеулес болып келеміз. Қарттарын сыйлай, науқасты тыңдай білген осындай білікті мамандарымыз көп болсын!

Ж.Баетұлы,
Шиелі ауданының Құрметті азаматы
18 маусым 2025 ж. 25 0

Қоғам

ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ — ИГІ ІС
18 маусым 2025 ж. 34

PDF нұсқалар мұрағаты

№44 (9311)

17 маусым 2025 ж.

№43 (9310)

14 маусым 2025 ж.

№42 (9309)

10 маусым 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30