Тіл жанашыры Владислав Теннің «Формула казахского языка» атты кітабы жарық көрді

Сенат депутаты Геннадий Шиповскихтің мәлімдеуінше, былтыр тұсауы кесілген жоба биыл өз жұмысын бастағанына бір жыл толуын атап өтті. Осы аралықта түрлі этнос өкілдері мемлекеттік тілді үйренуге қызығушылық танытып, жоба ел ішінде тілді дамытудағы тиімді алаңға айналды.
Іс-шара барысында жобаның бір жылдағы нәтижелері сараланып, алдағы кезеңдерге арналған жаңа міндеттер белгіленді. Қатысушылар мемлекеттік тілдің этносаралық қатынастағы орны мен маңызын терең талқылады.
Сонымен қатар, дөңгелек үстел аясында Владислав Тен мырзаның «Формула казахского языка» атты кітабының таныстырылымы өтті. Бұл еңбек — қазақ тілін үйренуге ұмтылған көпэтносты қоғам мүшелері үшін таптырмас құрал. Автор қазақ тілін жүйелі, оңай әрі тиімді меңгерудің өзіндік формуласын ұсынған. Мемлекеттік тіл — ортақ түсініктің, татулықтың, ұлттық бірегейліктің басты діңгегі. Ал мұндай жобалар мен еңбектер осы бағыттағы қадамымызды нықтай түседі.