Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Тіл апталығы

Тіл апталығы



Тілдер мерекесі аясында аймақта бірнеше іс-шара ұйымдастырылуда. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық қоғамдық даму басқармасының басшысы Алмасбек Есмаханов айтты.

– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Жолдауында: «Қазақ тілі, шын мәнінде, білім мен ғылымның, мәдениет пен іс жүргізудің тіліне айналуда. Ата Заң бойынша Қазақстанда бір ғана мемлекеттік тіл бар. Бұл – қазақ тілі. Болашағын Отанымызбен байланыстыратын әрбір азамат қазақ тілін үйренуге ден қоюға тиіс» деп атап өткен болатын. Тілдер мерекесі Қазақстанда тұратын әрбір этнос өкілдерінің ана тіліне құрмет көрсететін ортақ мейрамы болып саналады.

Биыл 4-9 қыркүйек аралығында Қазақстан халқы тілдері күні мерекесінің апталығын жарияладық. Апталық «Сыр бөбегі» және «Сыр жұлдызы» балабақшаларында «Тілді сүю – талбесіктен» атты акциядан бастау алды. Сонымен қатар «Шешеннің тілі – шебердің бізі» атты облыстық полиглоттар байқауымен жалғасты.

Сондай-ақ «Тіл – татулық тірегі» атты облыстық фестиваль, «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте!» тақырыбында пікірсайыс, «Туған тілде сыры терең жаным бар» поэзиялық концерт, «Рухани болмысты жаңғырту – ұрпақ ұлағаты» атты облыстық байқау, «Ана тілім – ардақ тұтар айбыным» атты жыр кеші, «Мың бала» республикалық мәдени-ағарту жобасы аясында жалпықазақстандық диктант, этнос жастары арасында «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» интеллектуалдық сайысын өткізу жоспарлануда, – деді Алмасбек Әбілқасымұлы.

 «СБ» ақпарат
07 қыркүйек 2023 ж. 213 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№79 (9243)

07 қазан 2024 ж.

№78 (9242)

01 қазан 2024 ж.

№77 (9241)

28 қыркүйек 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031