Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » ТІЛ – ҰЛТТЫҢ ҚАЗЫНАСЫ

ТІЛ – ҰЛТТЫҢ ҚАЗЫНАСЫ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған « Жаңа жағдайдағы Қазақстан:Іс қимыл кезеңі» атты Жолдауында ана тіліміздің қолдану кеңістігінің ұлғайып келе жатқанына ерекше тоқталып өтті. Ата заңымызда көрсетілгендей, біздің мемлекеттік тіліміз біреу ғана. Ол – қазақ тілі.

Мемлекет басшысы оны әрі қарай дамыту ісі мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі болып қала беретінін жеткізді. Бұл салада айтарлықтай нәтиже бар. Қазақ тілі бүгінде білім мен ғылымның, мәдениет пен іс жүргізудің тіліне, яғни қоғамдық қарым-қатынас тіліне айналды. Сондықтан қазақ тілінің өрісі шектеліп бара жатыр деуге негіз жоқ. Ал, орыс тілі елімізде ресми тіл мәртебесіне ие. Қасым-Жомарт Кемелұлы заңнамаға сәйкес, оның қолданылуына кедергі жасауға болмайтынын айтты.
- Болашағын Отанымызбен байланыстыратын әрбір азамат қазақ тілін үйренуге ден қоюы тиіс. Мұны отаншылдықтың басты белгісі деуге болады. Жастарымыз өзге тілдерді, соның ішінде орыс тілін жетік меңгерсе, бұдан еш ұтылмайды. Қазақстан мен Ресей арасындағы шекара – әлемдегі ең ұзын шекара. Орыс тілі БҰҰ-дағы ресми алты тілдің бірі. Сондықтан бұл мәселеге парасаттылықпен қарауымыз қажет. Еліміз өркениетті диалог пен өзара сыйластық мәдениетін дәріптеуі керек. Қазақстан халқы Асссамблеясының бұл саладағы рөлі айрықша. Біз Отанымыз және барлық азаматымыз үшін жауапкершілікті сезінуіміз қажет, - деді Президент.Бүгінде жасыратыны жоқ, жетпіс жыл бойы «ұлы халықтың» жетегінде жүрдік. Орыс тілін білмейтіндерге орын берілмеді, қызмет баспалдағынан көтеріле алмады. КСРО тұсында ортақ тілді білмейтіндерді тіпті адам қатарына қоспады. Сондықтан ілгері тіршіліктен үміті барлардың барлығы орыс тілін үйренуге тырысты. Жоғары оқу орындарының барлығында дерлік сабақ тек орыс тілінде жүрді. Сондықтан, қазақ өз тілінің мәйегінен айырылып қалды. Бағзы бабаларымыз бейнелеп сөйлеу, астарлап сөйлеу, көркем сөйлеуге келгенде алдарына жан салмаған. Бұған, тіпті, шетел ғалымдары да таң қалысқан. Еңбектерінде жазып қалдырған. Біз сол құнарлы тілімізден айырылып қалдық. Қазіргі жастар интернет тілімен сөйлейді. Бұл тіл шұбарлығына әкеліп соқтыруда. Техниканың өркендеген заманында кірме сөздер де көбейіп кетті. Олардың баламасы бола тұра өзімізді өркениетті көрсету үшін сол сөздерді қаз-қалпында қабылдап, қазақ тілінің байырғы сөзі ретінде айтып, жазып жүрміз. Осылай кете берсек, ертең таза қазақ тілі бірте-бірте ысырылып, дүбәрак тілге айнала ма деген қауіп те жоқ емес. Сондықтан ана тілінің тазалығын сақтау - бәріміздің де басты міндетіміз.

Нұрбол ҮСЕНБЕКОВ,
Аудандық полиция бөлімінің кадр саясаты тобының инспекторы
24 наурыз 2022 ж. 825 0

Қоғам

Мен өмірді қалаймын!
07 қараша 2024 ж. 53

PDF нұсқалар мұрағаты

№88 (9252)

05 қараша 2024 ж.

№87 (9251)

02 қараша 2024 ж.

№86 (9250)

29 қазан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930