Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » КӘСІПКЕРЛІК – ЭКОНОМИКАНЫҢ ТІРЕГІ

КӘСІПКЕРЛІК – ЭКОНОМИКАНЫҢ ТІРЕГІ

Облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы, өңірлік коммуникациялар қызметінің қолдауымен бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне оңтүстік аудандарға баспасөз туры ұйымдастырылды. Іс-шара «Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында өткізілді.
Шиелі ауданында 2025 жылдың 1 мамырына 6323 шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері тіркеліп, тиісті кезеңмен салыстырғанда 102,2 пайызға артты. Оның ішінде, жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлер саны 6134-ге жетіп, 97 пайызын құрады. Ағымдағы жылдың 4 айында мемлекеттік бағдарламалар бойынша жобалық құны 1 млрд 31 млн теңгені құрайтын 73 жоба шағын несие қаражатын алды. «Ұлттық жоба аясында» бизнесті дамыту және қолдау мемлекеттік бағдарламасы аясында субсидиялау бағыты 4 жоба 191 млн теңге көлемінде несие қаражатын алды. Аграрлық несие корпора - ция микрокредиттері арқылы 19 жобаға – 457,5 млн теңге көлемінде, «Қызылорда» өңірлік инвестиция орталығы арқылы 5 жобаға – 83 млн теңге, «Ауыл аманаты» бағдарламасы бойынша 45 жобаға – 300,3 млн тенге тартылып отыр. Жыл сайын ауданда жүзеге асырылатын инвестициялық жобалардың саны артып келеді. Биыл құны 70,2 млрд теңгені құрайтын 9 ірі инвестициялық жоба жүзеге асырылу жоспарлануда. Бұл жобалар іске қосылғанда 233 адам тұрақты жұмыспен қамтылатын болады ал құрылыс кезінде 700 адам екі қолға бір күрек табады. Ауданда соңғы уақытта шағын және орта бизнес саласында жаңа өндірістер көптеп ашылып жатыр. Мәселен, кентте Сәкен Қалмырзаев пен Гүлзада Құрманбаева «Шиелі құс» ауылшаруашылық өндірістік кооперативінің жұмысын жолға қойды. Қазіргі таңда үш цехта 4500 бройлер балапаны бағылып жатыр. 45 күннен кейін олар сойылып, саудаға шығарылмақшы. Бір жарым ай ішінде құс салмағын 3 килограммға дейін арттырады. Бұл диеталық құс еті облыс орталығындағы сауда орындарында сатылады. Қазіргі таңда мұнда 5 адам жұмыс істейді, ал сойыс және тазалау кезінде тағы 10 адам уақытша жұмысқа тартылады. Жеке кәсіпкер Нұрбол Есенов Шиеліде майлық өнімдерін шығаратын цех ашты. Шағын цех тәулігіне 1500 дана майлық өндіруге қауқарлы. Үш жұмыссыз аудан тұрғыны арнайы оқытудан өтіп, тұрақты жұмыс тапты. Иіркөл ауылдық округінде Мұрат Исабеков 4,5 миллион теңгеге жылыжай салып, екінші жыл қатарынан қияр өсіруде. Өнім Шиелі кентінің орталық базарында сатылып, жақсы сұранысқа ие. Жақында аудан орталығында «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында өз кәсібін бастаған кәсіпкерлерге арналған орталық ашылды. Мәселен, Жұлдызай Шайық – кондитерлік цех, Әлімхан Мақұлбеков – жарнама агенттігі, Нұргүл Бақымова – аниматорларға арналған костюмдер тігетін цех, Жазира Қабылова – жартылай фабрикаттар өндіру жобасын, Нұрбол Есенов – «Орда» маркасымен қағаз майлық шығаратын цех ашты. «Ауыл аманаты» жобасы ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілерге үлкен қолдау көрсетіп, халықты аграрлық бизнеске белсенді тартуға, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және ауыл тұрғындарының өмір сапасын арттыруға септігін тигізуде. Баспасөз туры аясында журналистер цемент зауытының жұмысымен де танысты. «Гежуба-Шиелі Цемент компаниясы» ЖШС салған зауыт жылына 1 миллион тонна тампонажды цемент өндіреді. Қазіргі таңда зауытта 260 адам жұмыс істейді. Мемлекет зауыт салуға 46 гектар жер бөлген. Бұл – Қазақстандағы осындай өнім өндіретін екінші және Орталық Азияда заманауи технологиямен салынған алғашқы зауыт. Жобаны отандық және қытайлық инвесторлар қаржыландырды.

Айдар БАҚЫТЖАНҰЛЫ
04 маусым 2025 ж. 69 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№41 (9308)

03 маусым 2025 ж.

№40 (9307)

31 мамыр 2025 ж.

№39 (9306)

27 мамыр 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30