Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » ЖАСТАРҒА – МОЛ МҮМКІНДІК

ЖАСТАРҒА – МОЛ МҮМКІНДІК

Жақында аудан әкімдігінің мәжіліс залында жас мемлекеттік қызметшілермен кездесу семинары өтті. Жиын шымылдығын ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің басшысы Е.Мендалиев ашып, Президенттік жастар кадр резерві жөнінде әңгімелеп, агенттіктің алдағы жоспарларымен таныстырды. Департамент басшысы Президенттік жастар кадр резерві – егемен еліміздің өркендеуіне елеулі үлес қосам деген жастарға мүмкіндік беретін бірегей жоба екендігін айта келе, жобаның негізгі мақсаты – дарынды, бастамашыл, жаңаша ойлайтын жастарды мемлекеттік басқару ісіне тарту екендігін атап өтті.
– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2019 жылы Президенттік жастар кадр резервін жасақтау қажеттігі туралы бастама көтеріп, осы тапсырманы агенттікке жүктеген еді. Содан бері агенттік аталған жобаны табысты жүзеге асырып келеді. Біз бұл бастама аясында жастарды мемлекеттік басқару жүйесіне белсенді түрде тартуға, олардың мемлекеттік қызметтегі үлесін арттыруға мүмкіндік алып отырмыз, – деді ол. Сонымен қатар спикер 1 маусымнан бастап, жастар кадр резервінің жаңа іріктеу кезеңі басталатынын, ол сында жасы 35-тен аспаған, жоғары білімі мен кемі 5 жылдық жұмыс өтілі бар, мемлекеттік тілді B деңгейінен төмен емес меңгерген кез келген ел азаматтары бақ сынай алатынын айта келіп, бүгінгі кездесудің басты міндеті жастарға осы жоба жайлы жан-жақты мәлімет беруге бағытталып отырғанын жеткізді. Іс-шарада аппарат басшысы Ғ.Каримов та сөз алып, жастар кадр резервінің маңыздылығын атап өтті. – Жоба – заманауи әрі болашағы зор, еліміздің кадр саясатына серпін беретін ауқымды бастама. Президенттік жастар кадр резервін жас мамандардың өздерін жан-жақты көрсетуіне, білімі мен әлеуетін пайдаланып, мемлекеттік қызмет пен квазимемлекеттік секторда жауапты лауазымдарға көтерілуіне жол ашатын әлеуметтік лифт деуге болады, – деді ол. Кездесу соңында сұрақ-жауап алынып, қатысушыларды толғандырған сауалдарға нақты жауаптар мен пайдалы кеңестер айтылды.

Айнұр ИБРАШЕВА
01 маусым 2025 ж. 51 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№41 (9308)

03 маусым 2025 ж.

№40 (9307)

31 мамыр 2025 ж.

№39 (9306)

27 мамыр 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30