Өскен өңір Шиелi аудандық қоғамдық-саяси газет
» » Президенттік жастар кадр резерві: Ақмешітте алғашқы тағайындау

Президенттік жастар кадр резерві: Ақмешітте алғашқы тағайындау

Қызылордада Президенттік жастар кадр резервіне енген жастардың қатарынан алғашқы тағайындау болды.
"Президенттік жастар кадр резерві" қатарына алынған Мусилимов Ерлік Ерғалиұлы "Байқоңыр" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" АҚ басқарма төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды.
Ерлік Мусилимов 1989 жылы дүниеге келген. Ол Қазақстан-Британ техникалық университетін 2011 жылы "Мұнай-газ ісі" мамандығы бойынша бітірген. 2018 жылы "Engineering Business Management"мамандығы бойынша Ұлыбританиядағы Уорвик университетінің магистратурасын тәмамдаған.
Еңбек жолын 2012 жылы "Болашақ-Атырау" ЖШС-де шетелдік қызметкерлерді іріктеу бойынша кеңесші болып бастаған. Ал, 2014 жылдан бастап осы кезге дейін "Шлюмберже" халықаралық мұнай сервистік компаниясында бас дала инженері лауазымын атқарып келген.
Айта кету керек, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен елімізде алғаш рет жүзеге асырылған "Президенттік жастар кадр резерві" жобасына 300 азаматіріктеліп алынған болатын.
Аталған резервке Қызылорда облысының 11 тумасы өтті.
11 наурыз 2020 ж. 77 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№26 (8779)

07 сәуір 2020 ж.

№25 (8778)

04 сәуір 2020 ж.

№24 (8777)

30 наурыз 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам