Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » АСТАНАДА ӨТКЕН ҰЛЫ ЖЕҢІСТІҢ 80 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН ӘСКЕРИ ПАРАДТЫ ШИЕЛІЛІКТЕР ДЕ ТАМАШАЛАДЫ

АСТАНАДА ӨТКЕН ҰЛЫ ЖЕҢІСТІҢ 80 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН ӘСКЕРИ ПАРАДТЫ ШИЕЛІЛІКТЕР ДЕ ТАМАШАЛАДЫ

Бүгін Астана қаласында «Қазақ елі» алаңында Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған салтанатты әскери парад өтті. Ерлік пен елдік рухты ұлықтаған бұл маңызды іс-шара - батыр бабаларымыздың жауынгерлік ерлігіне деген құрметтің айқын көрінісі. Парад елорда уақытымен 10:45- те басталды. Шара тікелей эфирде ел бойынша барлық LED-экрандарда, соның ішінде халық көп жиналатын орындарда көрсетілді. Сонымен қатар, республикалық телеарналар мен Ақорданың Facebook, YouTube, Telegram желілеріндегі ресми парақшаларынан да тікелей эфир арқылы таралуда. Аудан орталықтарында орнатылған LED-экрандар арқылы тұрғындар бұл тарихи сәтті тамашалады.Аудан тұрғындары парадты зор қызығушылықпен қарап, Жеңіс күнінің рухын бірге бөлісуде. Әскери техникалардың шеруі, сап түзеген жауынгерлер және көк жүзіндегі авиация көріністері көрермендерге ерекше әсер сыйлады. Бұл - елдік пен ерлікті дәріптейтін, өткенге тағзым жасап, бейбіт өмірдің қадірін ұғындыратын айрықша мереке.

07 мамыр 2025 ж. 87 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№78 (9345)

14 қазан 2025 ж.

№77 (9344)

11 қазан 2025 ж.

№76 (9343)

07 қазан 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031