МСАК-ТЫҢ 550-ДЕН АСТАМ МАМАНЫ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРУ ЖЫЛЫ ШЕҢБЕРІНДЕ ОҚУҒА КІРІСТІ

Жалпы практика дәрігерлері үшін 12, орта медициналық персонал үшін — 6 мамандандырылған білім беру бағдарламасы әзірленді. Оқытудан МСАК жүйесінің жұмыс істейтін қызметкерлері:
2135 жалпы практика дәрігері
3051 орта медицина қызметкері
781 медициналық жоғары оқу орындарының профессорлық-оқытушылық құрамының өкілі
828 медициналық колледж оқытушысы өтеді.
Қазіргі уақытта бейінді қайта даярлауды Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Қарағанды, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Алматы, Шығыс Қазақстан, Павлодар, сондай-ақ Абай, Ұлытау облыстары мен Шымкент қаласын қоса алғанда еліміздің 12 өңірінде орналасқан МСАК ұйымдарынан 136 дәрігер, 419 орта медициналық персонал өкілдері, сондай-ақ медициналық колледждердің 38 оқытушысы бастады.
Біліктілікті арттыру жылы шеңберінде 2025 жылдың ішінде:
908 жалпы практика дәрігерін,
1327 орта медициналық буын өкілін жалпы білім берумен қамту жоспарлануда.
Бұл бастаманы іске асыру медициналық-санитариялық алғашқы көмек мамандарының кәсіби деңгейін едәуір арттыруға мүмкіндік береді және медициналық қызметтердің сапасын жақсартуға және бүкіл денсаулық сақтау жүйесінің тиімділігін арттыруға маңызды қадам болады.