Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » ТАМШЫЛАТЫП СУАРУДЫҢ ТАБЫСЫ

ТАМШЫЛАТЫП СУАРУДЫҢ ТАБЫСЫ

Осы уақытқа дейін Шиелі ауданы жүгері дәнін өсіруде біраз тәжірибе жинақтаған. Бұған жергілікті диқандардың тарих беттерінде қалған жоғары көрсеткіштері дәлел. Бір кезде «дала аруы» атанған жүгері дақылына деген сұраныс әлі күнге дейін азайған емес. Күтімі келіссе, өнімнің бітімі де көңіл толтыратыны белгілі.
Былтыр «Таң ЛТД» ЖШС «Таушұқыр» учаскесіндегі 5000 гектар жердің 800 гектарына тамшылатып суару әдісімен жүгері еккен. Бұл бағытқа 16 шақырым жерден электр желісі тартылып, 8 экскаватор, 3 тиегіш, 1 бульдозер, 8 жер айдайтын техника жұмылдырылды. Сондай-ақ 65 адам жұмыспен қамтылды. Тамшылатып суару үшін 160 шақырым құбыр әкелінді. Бұған облыстық бюджеттен 149 млн теңге қарастырылған. Сонымен қатар жүгеріні кептіретін қондырғыға «Бестам» ауылдық округінен жер табысталған. Алдағы уақытта тиісті инфрақұрылым облыстық бюджет есебінен жүргізіледі. Нысан іске қосылған соң, тамшылатып суару әдісімен егілетін жүгері және басқа да дақылдарды 3000 гектарға жеткізу жоспарлануда. Ол кезде 50 адам тұрақты жұмысқа тұрады. Кептіргіштің барлық жабдығы маусым айында әкелінді, ал құрылысы шілдеқыркүйек айында жүргізіліп, ел игілігіне беріледі. Өткенге үңілсек, жүгерінің өсімдік ретіндегі алғашқы сипаттамасы үнді тайпаларының үңгірлерінің маңынан табылған. Ол кездегі жүгерілер көлемінің шағын әрі дәндерінің ұсақ болуымен ерекшеленеді. Дәлірек айтқанда, көне тұқымдардың көлемі қазіргі сұрыптардан 10 есе кіші болған. Кейбір деректерге сәйкес, бұл астық өсірудің біршама ертерек, шамамен 10 мың жыл бұрын басталғанын көрсетеді. Бүгінде әлем елдерінің көпшілігі жүгері өндірумен айналысып, оң нәтижелерге қол жеткізіп жүр. Соның ішінде Қытай халқы жүгері өндірісінде біршама жетістіктерге жетіп үлгерген. Ал бізге жүгері егу үрдісі қашан келді? Жүгері КСРО уақытында КОКП ОК-нің бірінші хатшысы болған Н.С.Хрущевтің «жылымық» заманында егіліп бастаған болатын. Аймақтың, әсіресе, оңтүстігінде аталған дақыл жақсы өнім берген. Сол кездегі «жүгері індеті» елді дүр сілкінткені тарихтан белгілі. Тіпті жүгері туралы түрлі фильм түсіріліп, өлеңдер мен әндер де жазылған еді. Демек, жүгері егу біздің жерімізге 1965 жылдан кейін тарай бастады. Содан бері жүгері өндіру ісі жүйелі түрде жүзеге асып келеді. Аудан тарихындағы 1985-1986 жылдар ауыл шаруашылығының ең дамыған кезеңі ретінде соған дәлел бола алады. Бұл уақытта жүгері дәнінен қажетті мөлшерде мол өнім алуға болатыны іс жүзінде дәлелденген. Өз заманында «Телікөл» совхозы жүгері звеносының жетекшісі болған Жадыра Таспамбетова апамыз қарауындағы жүгеріліктің әр гектарынан 100 центнерден дән алуды қамтамасыз етті. Бұл – аудандағы жоғары көрсеткіштің бірі болатын. Сондықтан «Таң ЛТД» секілді жаңа бағыттарды қолға алып, жаңа жұмыс орындарын ашатын, бастысы ауданның экономикасының дамуына сеп болатын қожалықтарға жан-жақты қолдау көрсету маңызды.

Гүлхан ЯХИЯ

19 сәуір 2025 ж. 20 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№28 (9295)

21 сәуір 2025 ж.

№27 (9294)

15 сәуір 2025 ж.

№26 (9293)

13 сәуір 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930