Тамшылатып суару – тиімді әдіс
Мемлекет басшысы Қасым Жомарт Кемелұлы Қазақстан халқына арнаған биылғы Жолдауында агросектор саласында еңбек өнiмдiлiгiн арттыру мiндетiн қойғаны белгілі. Сондықтан дала төсінде жүрген егіншілер бүгінгі күнгі ең озық технология саналып жүрген тамшылатып суару әдісіне арқа сүйеп отыр. Шыны керек, бүгінде аудандағы бірқатар шаруа қожалықтар осы әдіске көшіп үлгерді.
Ауданда азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында ағымдағы жылы картоп 1201 гектарға, көкөніс 1701 гектарға және бақша дақылдары да 2457 гектарға ұлғайған. Шиелі ауданы бойынша 1701 гектарға бақша дақылдары егілген. Сонымен қатар жаңбырлатып суғару жобасын қолдану арқылы «Ұлытау Агро» ЖШС 40 гектар жоңышқа өсіруде. Мәселен, Керделі ауылдық округіне қарасты «Серік» шаруа қожалығында тамшылатып суғару әдісімен 1 гектар жерге қызанақ, қияр, қауын, қарбыз егілген. Шаруалар тамшылатып суғарудың пайдасы мен тиімділігін байқауда. Бұл өз кезегінде мол өнім алуға мүмкіндік береді. Тамшылатып суғарудың тағыда бір пайдасы, бұған кететін тыңайтқыштың көлемі де 5-6 есе аз кетеді екен. Одан бөлек қол күшінде көп қажет етпейді.

– Тамшылатып суарудың тиімділігі сол, егістік көлемі қанша үлкен болса да, су аз шығындалады. Екіншіден, басқа зиянды шөптер дәннің өсіп, күш алып кетуіне кедергі бола алмайды. Биылдан бастап 1 гектар жерге тамшылатып суару әдісін қолданып көруді ойладық. Әуелі аздан бастап, пайдасы мен қиын тұстарын бағамдап көргенді жөн санадым. Бірақ әзірге жаман емес, алдағы жылдары тұтастай осы әдіске көшу жоспарымызда бар. Негізі бұрын егінді арық арқылы су жіберіп, суарып келдік. Онда су көп кетеді, әрі арамшөп мол шығады, оны уақытылы жұлып отыру керек. Ал мына әдістің тиімділігі сол, су 16 есеге аз шығындалады, арамшөп деген болмайды,– деді Нурлан Айтасов.
Одан бөлек аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы М.Әшірбеков «Мақсат» шаруа қожалығының тыныс тіршілігінің жұмысын көзбен көрді. Биылғы жылы «Мақсат» шаруа қожалығы төрағасы Мақсат Ташматов 160 гектар жерге күріш дақылын егіп, суға бастырған.
Сондай-ақ, суармалы суды аз қажет ететін егісті әртараптандыру бағытындағы дақылдардың көлемі ұлғайтылуда. Атап айтқанда, 5 гектар қызылша, 3 гектар қияр және де қарбыз, қауын, қырыққабаттың бірнеше сорттары егілген.
Бұдан бөлек, «Мақсат» шаруа қожалығында қашыртқыдан су алып, насос арқылы тамшылатып суғару технологиясы тиімді қолданылып келеді. Шаруашылықта 10-нан астам техника егін егу жұмыстарына қатысуда.
Тамшылатып суару – суды жіңішке құбырлар арқылы өсімдіктің тамырына жіберу немесе жердің үстіңгі бөлігіне суды бұрқасындатып шашу арқылы жүзеге асырылады. Бұл өткен жылғы су тапшылығының алдын алуға бағытталған тәсілдердің бірі десек те болады. Әрине, істің көзін тапқан адам кез-келген кәсіптің қиюын да келістіре алады. Мұны «Серік», «Мақсат» шаруа қожалығының жұмыстарынан аңғардық
Ш.Тілеубаев