Егін еккің келсе, аулаңнан баста
Болжамды су тапшылығы салдарынан биыл да аймақта әртараптандыру дақылдарын егу мәселесі өзекті болып тұр. Осыны ескерген облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев жақын күндері аудан әкімдеріне арнайы тапсырма беріп, әрбір ауылдағы әрбір үйдің ауласына егін егілуін қамтамасыз етуді тапсырды.
Яғни жергілікті жердегі билік орындары мен ауылдық жердегі шаруашылық басшылары өз ауылдастарының ауласындағы жерлерін жыртып, оған егін егуіне және судың жеткілікті болуына қолғабыс етуі тиіс. Бұл арқылы ауыл тұрғындары күнделікті тұтынатын көкөністері мен бақша өнімдерін өздері өсіруге мүмкіндік алады.

Ауданда әртараптандыру дақылдарының үлесі қандай?
Қазіргі таңда ауданда суды аз қажет ететін дақылдарды егу ісі қарқынды түрде жүргізілуде. Оның ішінде майлы дақылдар мақсары, соя және күнбағыс 1365 гектарға егіліп, бұл көрсеткіш өткен жылдан 303 гектарға артып отыр. Сонымен қатар арпа 50, жүгері 180 гектарға егілуде. Былтырмен салыстырғанда арпа 30, жүгері 70 гектарға артты. Ауданның азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету және азық-түлік өнімдерінің импортын азайту мақсатында осы жылы картоп, көкөніс, бақша дақылдары да 5 359 гектарға ұлғайған. Суды үнемдеу мақсатында тамшылатып суғару әдісімен 265 гектарға көкөніс, бақша дақылдары егілуде. Бүгінде межеленген 1201 гектар картоптың 172, 1701 гектар көкөністің 312 және 2457 бақша дақылдарының 265 гектары егілді.

Әйтсе де, бұл көрсеткіштер жалпы халықтың бау-бақша өнімдеріне деген сұранысын толықтай өтей алмайды. Сондай-ақ бағаның күн санап өсуіне де тосқауыл болмасы анық. Міне, сол себепті әрбір тұрғынның өз ауласындағы аумақты тиімді пайдалануы шарт.
Ардагерлер де аянып қалмады
Осы тұста Шиелі кенті ардагерлерінің игі бастамасын айтпай кету мүмкін емес. Дәлірек айтсақ, биыл кент ішінде тұратын 30 ардагер Ақтоған ауылы маңында орналасқан 8 гектар егістік жерге 10-нан астам бақша өнімдерін егіп, жемісін көрмекке ниетті. Ал бұл бастаманың іске асуына аудан әкімдігі мен «Алтын дән – Шиелі» шаруа қожалығының төрағасы Асқар Бердібаев мұрындық болып отыр.

Шиелі кенті ардагерлер кеңесінің төрағасы Болат Күлімбетов бастаған ақсақалдардың айтуынша, аталған аумаққа қияр, қызанақ, қарбыз секілді бақша өнімдері егілуде.
– Жеріміз тың, судың көлемі де жеткілікті. Бастысы осы бастаманы қолдаған аудан әкімдігіне және Асқар Бердібаевқа алғысымыз шексіз. Қазір мұнда 30 отбасы егін егуде. 30 отбасы дегеніміз – бір қауым ел ғой. Осынша адам өз-өздерін бақша өнімдерімен қамтып отырса, нұр үстіне нұр болмай ма? – дейді ардагер.
Рамазан БЕКТҰРҒАНҰЛЫ