
«AMANAT» партиясы Шиелі аудандық филиалының атқарушы хатшысы Ж.Баймұратова «Ардагерлерді ардақтайық» партиялық жобасы аясында «Ұлы жеңістің 80 жылдығына» орай тыл ардагері Мұсабекова Рыскүл апаның үйіне барып құрмет көрсетті. Партияның атынан ардагерімізді Ұлы жеңістің 80 жылдығымен құттықтап, сый - сияпат табыстады. Тыл ардагері Рыскүл апа жастайынан ауыр жұмыс жасап, ер азаматтармен қатар еңбек етіп, егін жинау жұмыстарына араласты. Ұлы Отан соғыс жылдарында тылда еңбек етіп, жеңіс жолында аянбай еңбек еткен ардагерлеріміз бүгінде барлық құрметке лайықты. Қатары күннен - күнге сирек жатқан ардагерлеріміз, партия тарапынан ешқашан ескерусіз қалмайды. Кездесу соңында алғысын айтқан апамыз, ақ батасын беріп шығарып салды. Абыз ардагерімізге мықты денсаулық, ұзақ өмір тілейміз!