ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫНЫҢ АРДАГЕРІ СӘРСЕНБЕК БАЙЖАНОВҚА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ
Ардагерлерді ардақтап, қарттарды құрметтеу - қанымызға сіңген үрдіс. Әрі мұндай өнегелі қадамның ұрпақ тәрбиесіне де тигізетін әсері мол.
«AMANAT» партиясы Шиелі аудандық филиалының атқарушы хатшысы Сыздық Болат Мүбаракұлы партияның "Ардагерлерді ардақтайық" жобасы аясында ауданымыздағы Ұлы Отан соғысының ардагері Сәрсенбек Байжановты Ұлы Жеңістің 77 жылдығымен құттықтады.
Ардагерге Партияның арнайы Ұлы Жеңістің 77 жылдығына арналған мерекелік құттықтау хаты мен сый-сыйапаттары табысталды.
Байжанов Сарсенбек - 1923 жылдың 1 мамырында Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, Үлгілі елді мекенінде дүниеге келген.
Соғыс жылдары: 1942-1944 жылдар аралығында Сталинградтың Солтүстік батысындағы «Магеллан» деген жердегі шайқасқа қатысқан.
Бейбіт кезеңде:колхозда жұмысшы болды. 1950-1953 жылдар аралығында Түркістан педогогикалық училищесінде оқып, мұғалім мамандығын алып шыққан. 1963-1991 жылдар аралығында № 156 қазақ орта мектебінде 38 жыл мұғалімдік қызмет атқарды.
55 жасында мүгедектігіне байланысты зейнеткерлікке шықты.
Бүгінгі күні 11 баладан, 41 немере, 48 шөбере сүйіп отыр.
«AMANAT» партиясы Шиелі аудандық филиалы ФБ парақшасынан