Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » АРДАГЕРЛЕР — АСЫЛ ҚАЗЫНАМЫЗ

АРДАГЕРЛЕР — АСЫЛ ҚАЗЫНАМЫЗ

«AMANAT» партиясы Шиелі аудандық филиалының мәжіліс залында «Ардагерлерді ардақтайық» партиялық жобасы аясында «Ұлы жеңістің 80 жылдығына» орай тыл ардагерлерімен кездесу ұйымдастырылды. Кездесуге аудан әкімінің орынбасары Болатбек Ысмағұлов, партия филиалының атқарушы хатшысы Жібек Баймұратова, БАҚ өкілдері және "Жастар Рухы" жастар қанатының мүшелері, мектептің жоғары сынып оқушылары қатысты. Кездесудің мақсаты отанына шексіз берілген, патриоттық рухы жоғары, қайсар жауынгер аталар ерлігін, тыл еңбегін үлгі ету, Ұлы Отан соғысында опат болғандардың рухына тағзым ету, есімдерін қастерлеуге насихаттау. Кеш барысында тыл ардагерлері Мұхамедияр Сейтов, Киікбай Смайылұлы, Манат Мыханова өз өмір жолдарын, соғыс жылдарында жас болса да үлкендермен бірге тылдағы жанқиярлық еңбектері жөнінде әнгімелеп берді. Кездесуде Үрғаным Досманқызы, тыл ардагері Қанымгүл Төрешеваның қызы Зоя Төрешева жастарға патриотизм мен туған жерге деген адалдық қасиеттерінің үлгісі болып табылатын ардагерлерді құрметтеуге шақырды. Кеш қатысушылары ардагерлерімізге сұрақтар қойып, еткен ерліктерін сұрады.Кездесу соңында партия филиалының атынан тыл ардагерлеріне сый-сияпат көрсетілді.  Еңбек жолдарындағы қызығы мен қиындығы қатар жүрген естеліктерін айтқан тыл ардагерлеріміз жастарға алғыстарын білдіріп, батасын берді.

09 сәуір 2025 ж. 144 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№25 (9292)

08 сәуір 2025 ж.

№24 (9291)

07 сәуір 2025 ж.

№23 (9290)

01 сәуір 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930