Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » БІРЛІКТІҢ АЙҒАҒЫ

БІРЛІКТІҢ АЙҒАҒЫ

Мемлекет басшысы ҚасымЖомарт Тоқаев қазақша жыл басы, ұлт мейрамының ауқымы 1 күнге сыймайтынын дөп басып айтқан еді. Биыл да дәстүрден жаңылмай жаңа жылды ерекше леппен атап өттік. Ұлыстың ұлы күніндегі онкүндік іс-шараның әрбірі ізгілікке үндеді.
Ұлыстың ұлы күні – жер бетіндегі жалпы саны 250 миллионға жуық түркі жұрты мен Иран, Ауғанстан халқы, Кавказды мекендейтін бірқатар ұлтқа ортақ мереке. Бәлкім содан да шығар, тарихы мыңдаған жылға кететін осынау мейрамды 2009 жылы ЮНЕСКО адамзаттың материалдық емес мұрасының тізіміне қосты. 2010 жылы БҰҰ Бас ассамблеясы халықаралық Наурыз күнін бекітті. Табиғаттың жаңарып, тіршіліктің жанданып, ниеттің тазарып, жақсылықтың, ізгіліктің оянатын шағында Қазақстанның ауыл аймағында қызу тіршілік басталды. Ағаш отырғызып, айналаның жасыл желекке орнауына тағы да тамшыдай болса да үлес қостық. Расында, Наурыз – ұлттық салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарға негізделген, көктемнің келуін, жаңа жылдың басталуын бейнелейтін мерекенің бірі. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың: «Наурыз – ағайынды бауырмалдыққа, көрші-қолаңды татулыққа шақыратын береке-бірліктің мерекесі. Бұл туралы Ұлы Абай «Қырдағы ел ойдағы елмен араласып, күлімдесіп, көрісіп, құшақтасып» деп жырлаған. Бұл мейрамды халқымыз тұтас ел болып, бір ұлт болып түгел тойлайды. Яғни Әз Наурыз – нағыз халықтық мейрам. Бауырмалдық, жанашырлық, сыйластық, отаншылдық сияқты қасиеттің бәрі осы ұлық мерекеде көрініс тапқан. Біз – ата жолын жалғаған жұртпыз. Әз Наурыз – жаңару мен жаңғырудың, береке мен бірліктің бастауы. Жылдың бұл мезгілі – күн мен түн теңеліп, жер жүзі қайта түлейтін шақ. Сондықтан атабабамыз ежелден шуақты көктем мерекесіне айрықша мән берген, оны Ұлыстың ұлы күні деп ұлықтаған», – деуі тегін емес. Қазақстанда демографиялық көрсеткіші жағынан қазақ, орыс, өзбек, украин, ұйғыр, татар мен неміс басымдыққа ие болса, осынау 7 ұлттың 4-еуі үшін Наурыз – ұлттық мейрам. Одан бөлек, түрік, әзербайжан, күрд, тәжік, башқұрт, қарашай, балқар, ноғай қатарлы этнос өкілдері де тойлайды. Демек сөз басында айтқанымыздай Наурыз жалпыхалықтық мейрам деген сөз. Ал Шиелі ауданында қазіргі таңда 14 этнос өкілі бар. Олар да шиеліліктермен бірге наурыз мерекесін тойлап, ерекше көңіл-күймен қарсы алды. Ұлыстың ұлы күнінде барлық мейманға, наурыз көже ұсынылды. Қыз-келіншектер оюлы камзол-көйлектерін кисе, ер-азаматтар қазақы шапанмен домбырасын күмбірлете даланы думанға бөледі. Жаңа күн, жаңа жылды жақсылықпен қарсы алды.

Лаура МЫРЗАХМЕТОВА,
Шиелі аудандык тарихи өлкетану музейінің экскурсоводы
06 сәуір 2025 ж. 35 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№24 (9291)

07 сәуір 2025 ж.

№23 (9290)

01 сәуір 2025 ж.

№22 (9289)

31 наурыз 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930