
Жақында «AMANAT» партиясы Шиелі аудандық филиалының кезектен тыс конференциясы өтті. Келелі жиынға аудандық мәслихат төрағасы М.Тұрабаев, «AMANAT» партиясы Шиелі аудандық филиалының төрағасы Б.Сыздық, Қызылорда облыстық мәслихатындағы депутаттық фракция мүшесі, облыстық мәслихат депутаты Д.Жұмбеков қатысты. Сондай-ақ басқосуға аудандық партия филиалының саяси кеңесі мен саяси кеңес бюросы мүшелері, бастауыш партия ұйымдарының төрағалары мен белсенділері, аудандық мәслихаттағы «AMANAT» партиясының фракция жетекшісі мен мүшелері, бұқаралық ақпарат құралдары және жастар белсене атсалысып, пікірлерін білдірді.
Конференцияның күн тәртібіне сәйкес жиында «AMANAT» партиясы қоғамдық бірлестігінен Жөлек ауылдық округі әкімінің лауазымына кандидат ұсыну жайлы сөз қозғалды. К е з д е с у д і п а р т и я н ы ң а у д а н д ы қ филиалының төрағасы Болат Сыздық жүргізіп отырды. Қатысқан делегаттардың ашық дауыс беруі нәтижесінде Жөлек ауылдық округі әкімінің лауазымына кандидат ретінде Мейірбек Жолдасбеков ұсынылды. Ұсынылған кандидат аудандық сайлау комиссиясында тіркеуден өтеді. Жиын соңында ұсынылған мәселе толық қаралып, тиісті қаулылар қабылданды.
Айнұр ИБРАШЕВА