Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » КӨШПЕЛІ ҚАБЫЛДАУДАН КҮТЕРІМІЗ КӨП

КӨШПЕЛІ ҚАБЫЛДАУДАН КҮТЕРІМІЗ КӨП

Бейсенбі күні «Аманат» партиясы Шиелі аудандық филиалының төрағасы Б.Сыздық, атқарушы хатшы Ж.Баймұратова, аудандық мәслихат депутаты А.Ермаханов және мобильді топ мүшелері Жуантөбе, Бестам ауылдық округінде ауыл тұрғындарымен жүздесті. Көшпелі қабылдау барысында тұрғындардың ұсыныспікірлері тыңдалып, тиісті мамандар шешілу жолын түсіндірді.
Мобильді топ керуенінің мақсаты – ауыл тұрғындарының әлеуметтік, қоғамдық және өзге де ортақ түйткілді мәселерін шешілуіне ықпал ету, бағытбағдар беруді көздейді. Алғабас ауылында өткен қабылдауға келген тұрғындар жарық көздерінің күшін күшейту, жер үлесі бойынша үлескерлердің мәселесі, сондай-ақ ауызсуға винтель қажет екенін жеткізсе, бестамдықтар балық шаруашылығын дамыту бойынша несие алу, жер мәселесі, мемлекеттік бағдарламалар бойынша несие алу, көшелерде жарық шамдарын жаңарту, спорт алаңын күрделі жөндеуден өткізу, мектеп ауласына ойын алаңын салу және ауылішілік жолдарды жөндеу қажеттігін айтты. Түйткілді мәселесінің түйінін тарқатуды көздеп келген тұрғындарға мобильді топ мүшелері тиісінше мардымды жауап беріп, алдағы уақытта көтерілген мәселерді шешу жолында жұмыстар жүргізіп, оң нәтиже беретіндігін жеткізді. Жиында Жібек Баймұратова атқарылатын барлық жұмыстар «Аманат» партиясының тікелей бақылауында болатынын жеткізіп, кездесуге белсенділік танытқан ауыл тұрғындарына алғыс білдірді. Көшпелі қабылдау алдағы күндері аудандағы барлық өңірде жалғасын табатын болады.

М.ИБРАГИМ
30 наурыз 2025 ж. 201 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№69 (9336)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (9335)

09 қыркүйек 2025 ж.

№67 (9334)

06 қыркүйек 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930