Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » «ӨСКЕН ӨҢІР» ГАЗЕТІНІҢ ШТАТТАН ТЫС ТІЛШІСІ АЙЖАМАЛ АПАЙҒА

«ӨСКЕН ӨҢІР» ГАЗЕТІНІҢ ШТАТТАН ТЫС ТІЛШІСІ АЙЖАМАЛ АПАЙҒА

Айжамал апа, сізбен мақтанамыз, Ақ сандықты ашамыз, ақтарамыз. Сіздей жан 80 жасқа келіп жатса, Несіне өлең сөзді ап қаламыз. Бойында тұнып тұрған бар өнері, Әлі де таусылмайды, көп берері. Қара қылды қақ жарып әділдікпен, Көркемдеп кестелейтін тіл шебері. Уақыт өткендей бір қас-қағымда, Әр сөздің мән беретін астарына. Тұла бойы өнеге, тұнып тұрған, Білім берген әр үйдің жастарына. Өмірдің жазып қойған тақтасына, Өтіп жатыр зымырап, тоқтасын ба? Балаларың — байлығың аман болсын, Қолдайтын бір Алланың арқасында. Мақсат қып қоя алмапты еш баюды, Ұлғайса да білмепті жантаюды. Бір Алла нәсіп етсін бәрімізге, Осылай әп-әдемі қартаюды.

Разия ЫСҚАҚОВА,
Нартай ауылдық әйелдер кеңесінің төрайымы
11 наурыз 2025 ж. 409 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№32 (9399).

01 мамыр 2026 ж.

№31 (9398).

28 сәуір 2026 ж.

№30 (9397).

25 сәуір 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031