ӘСКЕРИ ТӘРТІПТІ ҮЙРЕТКЕН ӘЙЕЛ ЖҮРЕГІ

Ол – №159 «Еңбекші» орта мектебінде алғашқы әскери және технологиялық дайындық пәнінің мұғалімі, педагог-модератор. Аудан, тіпті облыс бойынша әскери мұғалімдердің арасында жалғыз өзі нәзікжанды болмысымен дараланып тұратын Айдана Сағындыққызы ерге бергісіз еңбекқор әйел. Өз ісіне адал, батыл әрі нәзік жүректі ұстаз ретінде шәкірттеріне тәртіп пен Отанға деген сүйіспеншілікті үйретеді. Жалпы қазақ халқы бір қолымен бесігін, екінші қолымен әлемді тербеткен ананы ерекше сыйлап, құрмет көрсеткен. Қазіргі таңда барлық салада ер азаматтармен қатар еңбекке белсене араласып, өздерінің біліктілігімен, қабілет дарынымен, іскерлігімен көзге түсіп жүрген нәзік болмыс иелері жетерлік. 2021 жылдан бері ауданның, ауылдың өсіп-өркендеуі жолында тынбай еңбек етіп жүрген кейіпкеріміз соның бір ғана дәлелі.
С.БАХТИЯР