Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Аудандағы жалғыз әйел әкім

Аудандағы жалғыз әйел әкім

Қазақ арулары қай заманда болсын ұлттың ұйысуы сынды ұлы істерде ер-азаматтардан қалыспай еңбек етумен келеді. Сақ патшайымы Томиристен бастап алмағайып замандарда қатігез жауына найзасын сілтеген Бопай, Назым ханшалардың ерліктерін біздер бүгінде мақтанышпен айтамыз.
Сондай-ақ Домалақ, Мұрын, Қызай, Абақ аналарымыздың ру-тайпалардың ұйытқысы болып, ұлы көшін бастаған сұңғыла, тектіліктері бүгінгі ұрпақ санасына «Даланың дана арулары» ретінде аңызға айналып жатталып қалғаны белгілі. Солардың заңды жалғасындай болған жаны жасыннан, ары асылдан жаралған алаш аруларының бүгінгі көтерген жүктері де жеңіл емес. Солардың бірі – Төңкеріс ауылдық округінің әкімі Әлия Нұрманова. Ауыл әкімдері арасында жалғыз өзі нәзікжанды болмысымен дараланып тұратын Ә.Ташкенбайқызы ерге бергісіз еңбекқор әйел.
Жалпы қазақ халқы бір қолымен бесігін, екінші қолымен әлемді тербеткен ананы ерекше сыйлап, құрмет көрсеткен. Қазіргі таңда барлық салада ер азаматтармен қатар еңбекке белсене араласып, өздерінің біліктілігімен, қабілет дарынымен, іскерлігімен көзге түсіп жүрген нәзік болмыс иелері жетерлік. 2018 жылдан бері ауданның, ауылдың өсіп-өркендеуі жолында тынбай еңбек етіп жүрген Ш.Қодаманов ауылының әкімі соның бір ғана дәлелі. Бұл «Қоғамның даму барысын өмірде – нәзік, көңілде – биік, ал істе – мығым әйелдер қауымынсыз көзге елестету мүмкін емес» деген Елбасының сөзін еске салады.

09 наурыз 2020 ж. 928 0