Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » МЕКТЕПТЕГІ МЕРЕКЕ

МЕКТЕПТЕГІ МЕРЕКЕ

Ақ түтек борандатып, ақырып аяздап келген ақпан түгесіліп, көктемнің басы – наурыз айы да жетті. Бірінші наурыз – көктемнің алғашқы күні. Жылпарақтағы әр күннің күллі әлем бойынша және картадағы екі жүзден астам мемлекеттің кейбірі үшін өзіндік ерекшелігі бар. Атап айтсақ, 1 наурыз – Бүкіләлемдік азаматтық қорғаныс күні. Сонымен қатар Дүниежүзілік балалар телевидениесі мен радиохабар тарату күні. Бұл аталғандар әлемдік маңыздағы мерекелер. Ал Қазақстан үшін 1 наурыз – Алғыс айту күні. 
Расында, алғыс – адам жанын шаттыққа бөлеп, жан жылуын таратады. Осынау айтулы күні қарсаңында «Ziyatker school» мектебінде «Алғыс – ізгіліктің бастау бұлағы» атты мерекелік шара өтті. Шараға ел ағалары, ақ жаулықты аналар арнайы келіп, салтанатты кештің куәсі болды. Алдымен мерекелік концерттің алғы сөзі мектеп құрылтайшысы Қанат Абдулхайсұлы мен директоры Шахархан Бектұрғанқызына берілді. – Алғыс айту – тамаша іске жақсы пейіл, жылы сөзбен жауап қату. Жақсылықтың жауабы да жақсылық болған жерде, әрине, мейірім, тұрақытылқ, тыныштық салтанат құрады. Сол себепті бүгінгі мерекенің маңызы айрықша. Бірбірімізге деген сыйластық, құрмет арқылы біз еліміздің жарқын келешегіне жол ашамыз, – деді мектеп құрылтайшысы. Кеш барысындағы әсем ән мен мың бұралған би шараның көркін қыздырды. Мәселен, орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Назерке Әлішер «Жақсы адамдарым» әнін шырқаса, ал «Асылай» би тобы өз өнерлерін ортаға салып, көрерменнің көңілін көкке көтерді. Мектептің барлық оқушылары шетінен талапты әрі дарынды. Әрқайсысы түрлі бағытта өздерін үздік көрсетті. Айта кетейік, кенттегі «Ziyatker school» мектебі оқушыларға жаңартылған білім мазмұнын игеріп, заманауи технологиямен жаңа әдістәсілдерді қолдана отырып сабақ береді. Жаңа ғимаратта химия, физика, информатика, биология пәндеріне арналған кабинет пен лаборатория бар. Сондай-ақ акт залы, спорт залы, IT, домбыра, робототехника, бизнес, шахмат, сурет салу, актерлік шеберлік үйірмелеріне арнап заманауи техникалармен жабдықталған кабинеттерді де көзіміз шалды.
Оқу сыныптарында интерактивті панелдермен және әрбір оқушының оқу құралдары және жеке заттары қойылатын арнайы шкафтар да қарастырылған. Мектеп аймағына толықтай бейнебақылау орнатылған. Барлық сыныптардағы интерактивті панелдер жоғарғы қарқынды интернет желісіне қосылған. Оқушылар қосымша тереңдетілген курстарға домбыра, шахмат, би, дзюдо, таэквондо, сурет салу, қыш өнері, қолөнер, актерлік шеберлік үйірмелеріне қатысады. Оған қоса 3 мезгіл ыстық тамақпен, тасымалмен қамтамасыз етілген. Қазір мектепте 530 оқушы білім алады. Осылайша, алғыс айту күніне арналған шара өз деңгейінде ұйымдастырылды. Иә, сайып келгенде қоғамды игі өзгерістерге бастайтын, жүректі шуаққа бөлейтін шынайы адами қарым-қатынас. Алғыс – жүректі толқытқан мейірім мен ризалықтың сыртқа сөзбен шыққан формасы. Сондықтан бұлағай заманда барымызды бағалайық, жылы сөздер айтып, қуантайық!

Айнұр МАХСҰТҚЫЗЫ,
сурет автордікі
01 наурыз 2025 ж. 38 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№18 (9285)

08 наурыз 2025 ж.

№17 (9284)

04 наурыз 2025 ж.

№16 (9283)

01 наурыз 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31