ҰСТАЗ ЕСІМІ ҰЛЫҚТАЛДЫ

Тартысты турнирге 5 команда қатысты. Алаңға шыққан ойыншылардың барлығының ортақ мақсаты дәстүрлі спорт түрін дамыту, жеңіс жету болды. Жарысты тамашалауға келген жанкүйерлердің жүзінен тек қуанышты байқадық. Ойын жоғары деңгейде өтті. Жарыс нәтижесінде бірінші орынды Жуантөбе командасы иеленсе, екінші орынға Жөлек жайғасты. Ал үздік үштіктен Тартоғай көрінді. Айта кетейік, жарысқа Асхат Оңғарұлының туыстары, мектеп ұжымы демеушілік жасады. Жарысқа қатысқан барлық бес команда да қаржылай сыйлықтармен марапатталды. Үздік ойыншыларға да сый-сияпат табысталды. Ұлағатты ұстаздың құрметіне өткен турнир алдағы уақытта да жалғасын табады деп сенеміз. Ең бастысы, спорт сүйер жастарымыз көп болсын.
«Өскен өңір» ақпарат