Құрылтай
Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Нариман Құлахметұлы жаңа қызметке тағайындалды

Нариман Құлахметұлы жаңа қызметке тағайындалды

Нариман Құлахметұлы Қызылорда облысының дене шынықтыру , спорт және туризм басқармасының №25 бұйрығымен «№10 Шиелі ауданының балалар – жасөспірімдер спорт мектебі » коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры қызметіне тағайындалды. Ол 1981 жылы 13 қаңтарда Шиелі ауданы,Еңбекші ауылында дүниеге келген. Білімі жоғары. 1997-2000 жылдары Қазақ Мемлекеттік спорт және туризм академиясын бітірген. 2001-2002 жылдары әскер қатарында болған. 2002 – 2005 жылдары Шиелі аудандық БЖСМ спорт мектебінде күрес жаттықтырушысы
2006 -2008 жылдары Алматы қаласында, Шаңырақ дарынды балаларға арналған мектебінде күрес жаттықтырушысы, 2008 – 2013 жылдары Еңбекші ауылы №159 орта мектебінде тәрбие ісі жөніндегі орынбасары. 2013 жылдан бастап осы кезге дейін Шиелі аудандық дене тәрбиесі , спорт және туризм бөлімінің басшысы қызметін атқарып келді. Отбасылы.

21 ақпан 2025 ж. 352 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№56 (9423)

28 шілде 2026 ж.

№55 (9422).

25 шілде 2026 ж.

№54 (9421)

21 шілде 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031