МАҚСАТШЫЛ АДАМ ҒАНА АРМАНЫНА ЖЕТЕДІ

– Жастар тынбай еңбек етуі керек. Мақсатшыл адам ғана арманына жете алады. Кез келген адам жаңашылдыққа бет бұрса, білімді жастарымыз көп болары сөзсіз, – деді Ә.Төлепбергенұлы. Жиында NEET санатындағы жастармен жұмыс, құқықбұзушылықтың алдын алу жөнінде тақырыптар қозғалды. Оған білікті мамандар өздерінің ұсыныспікірлерін ортаға салып, идеяларын ұсынды. NEET санатындағы жастар кімдер? Олар – оқуға, еңбектенуге, ізденуге құлықсыз және саяси, азаматтық белсенділігі төмен жастар категориясы. Ағылшын тіліндегі «Not in Employment, Education or Training» ұғымының бac әріптерінен құрaлғaн. Қазір үкімет бұл санаттағы жастардың қатарын азайту үшін көптеген жұмыс жүргізуде. Міне, осы секілді мәселелер кездесу барысында талқыланып, жаңа жобалардың жүзеге асырылуы сөз болды. – Расында, жастар – жарқын болашақтың бас тауы. Бүгінгі таңда біз аудан жастарымен тыңғылықты жұмыс істеудеміз. Жастардың бос уақытын тиімді пайдалану мақсатында арнайы креативті жобаларды іске асырып, жастар саясатын дамыту бойынша алда біршама жұмыстар атқарылмақ, – деді орталық директоры Ержан Әбдешов.
Айнұр МАХСҰТҚЫЗЫ