Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Артық емес анаңнан телефоның

Артық емес анаңнан телефоның

Мейірбек СҰЛТАНХАН, айтыскер-ақын: 

– Мен үшін өмірдегі ең биік шың – ата-анамның разылығын алу, адам болып өмірге келіп, адамдықтың биігінде қалу деп ойлаймын. Атамның баласы болмай, Отанның баласы болсам, Алаштың ақыны болып, сөзін сөйлей алсам, Келешекте үлгілі отбасы атансам, ең биік шыңдар осы деп білемін. Өйткені, атақ, байлық келеді, кетеді. Ал, артыңда ұрпағыңа қалатын тәлімің қалатын болса нағыз байлық, бақыт сол деп білемін. Оралдық Сағат Әбдуалиев деген марқұм ақын «Ата-анамның бүйрегінде бүлк етпей, жүрегінде қалсам деймін халықтың» деп, сол секілді халықтың жүрегінде қалып, ата-анамның разылығын алсам бағындырған шыңым осы деп есептеймін,– деген болатын бізге берген бір сұқбатында. Ендеше,алаш ақыны болуды мақсат еткен жерлесіміздің шығармашылығынан мына өлеңдерін назарларыңызға ұсынуды жөн көрдік.  



Мектепке сағыныш
Қашқанда да сабақтан бір қашатын,
Бақылауда көңілін мұң басатын.
Бала күннің ақтарып альбомдарын,
Сыныптастар қайдасың сырласатын.
Бәрі өзгеріп өзіңмен қатарлардың,
Есіңде ме оқушы атанған күн
Қолымыздан жетектеп қыркүйекте,
Ата-анамыз мектепке апарған күн.
Есік жаққа елеңдеп көздеріміз,
Қоңыраудың боларын сезгеніміз.
Қызық еді-ау кешігіп қалмау үшін,
Жүгіретін сабаққа кездеріміз.
Қандай қызық шынайы күлгеніміз,
Бестік алып, белсеніп жүргеніміз
Кезектесіп шаң сүртіп,еден жуып
Кезекшілік атқарған күндеріміз.
Мен айтам деп сабақты санасатын,
Бағам аз деп басқамен таласатын.
Қу қыздар-ай мектепке ерте келіп,
Ең соңынан асықпай тарасатын
Қолын қойып партаға сызып кеткен,
Оқушыны деуші едік бұзық неткен.
Қара бала кеңседе ақталып тұр,
Сары қыздың бантигін үзіп кеткен.
Деп қуансаң бұл апта енді бітті,
Еске салар ағайлар сенбілікті
Қандай сабақ болса да соңғы парта,
Жалқаулардың орны жергілікті
Сабақ сұрар уақыттың жеткендігі
Мұғалімнің түрінен беп-белгілі
Үйіп-төгіп уәденi құтылушы ек
Үй жұмысын ұмытып кеткен күні
Жұмсақтығын сездірмей сирек күлген
Ұстаздарға басымды имекпiн мен.
Ұрғаннан да бетер боп ұялушы ек,
Ұрыс естіп тұрғанда директорден
Сабақ үсті көп сөйлеп мазалайтын,
Оқушыны бұрышта жазалайтын.
Апайлар-ай есеп көп, уақыт аз деп,
Алақанмен тақтаны тазалайтын
Жаза алмайтын қыздар да дұрыс атын,
Староста болсам деп тырысатын.
Ұйымшылдық жағынан бірін-бірі
Ұлдар едік бірінші ұғысатын
Кіп-кішкене сөмкеге иықтағы,
Кітап, киім кетеді сыйып бәрі
Сол күндердi сағынсам,тосыламын
Жол таппаған адамдай тұйықтағы
Артта қалған естелік оның бәрі
Талай қызық күтіп тұр жолыңда әлі
Бұл өмір де бір күні таусылады
Мұғалімнің борындай қолындағы.
Артық емес анаңнан телефоның
Ұқсап жүрміз тордағы тотыға біз,
(Ұнамаса пікірім оқымаңыз)
Дастарханның басына жиналсақ та,
Телефонға телміріп отырамыз.
Қонағыңды көрсең де бүгін келген
Байқамадым жылылык түріңнен мен.
Ауызымыз бармайды әңгімеге,
Саусағымыз сенсорға жүгіргенмен.
Құлағына сіңіріп қоңыр әнін,
Құлыным деп иiткен омырауын.
Қарап көрші,соңғы рет қашан екен,
Анашыңа соғылған қоңырауың.
Қабағынан түсінген бала сырын,
Ана шығар ең жақын жанашырың.
Хабарласып сұрап қой хал-жагдайын,
Даусын естіп марқайсын баласының
Тастамаған кедейдей көне тонын,
Босамайды Айфоннан неге колың.
Алтынменен апталып жасалса да,
Артық емес анаңнан телефоның.

ӘЗІРЛЕГЕН: ДИНА ӘБІЛ АСАН
30 мамыр 2018 ж. 1 406 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

№91 (9255)

16 қараша 2024 ж.

№90 (9254)

12 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930