Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Шартты түрде мерзімнен босатудың мерзімдері

Шартты түрде мерзімнен босатудың мерзімдері

Мерзімінен бұрын шартты түрде босату кімдерге арналған? Сот үкімімен кінәлі деп танылған азаматтардың басым бөлігі темір торға тоғытылатыны белгілі. Әйтсе де, заңға сәйкес оларға да бірқатар жеңілдіктер қарастырылған. Атап айтқанда, шартты түрде мерзімінен бұрын босату немесе жазаның өтелмеген бөлігін неғұрлым жеңіл жаза түріне ауыстыру. Әрине, ол үшін сотталған азаматтың тәртібі таразыға түседі. 
Жазаны өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын босату негіздері Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 72-бабында айқындалған.
Егер сот адамның түзелуі үшін тағайындалған жазаны толық өтеуі қажет етілмейді деп танитын болса, сот бас бостандығын шектеуді немесе бас бостандығынан айыруды өтеп жатқан адамды осы баптың үшінші, төртінші және бесінші бөліктерінде көрсетілген мерзімдерді іс жүзінде өтегеннен кейін шартты түрде мерзiмiнен бұрын босатуы мүмкiн.
Бас бостандығын шектеуді немесе бас бостандығынан айыруды өтеп жатқан адам осы баптың үшінші, төртінші және бесінші бөліктерінде көрсетілген мерзімдерді іс жүзінде өтегеннен кейін, қылмысымен келтірілген залалды толық өтеген және ол жазаны өтеудің белгіленген тәртібін қаскөйлікпен бұзбаған жағдайда, шартты түрде мерзiмiнен бұрын босатылуға жатады.
Адамдардың қаза табуына әкеп соқтырмаған және аса ауыр қылмыстың жасалуымен ұштаспаған террористік немесе экстремистік қылмысы үшін тағайындалған бас бостандығынан айыруды өтеп жатқан адам, осы баптың үшінші, төртінші және бесінші бөліктерінде көрсетілген мерзімдерді іс жүзінде өтегеннен кейін, егер ол террористік немесе экстремистік қылмыстарды болдырмауға, ашуға немесе тергеп-тексеруге, террористік немесе экстремистік топтардың қатысушыларын әшкерелеуге белсенді түрде жәрдемдескен болса, сот оны шартты түрде мерзімінен бұрын босатуы мүмкін.
Ауыр және аса ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыс үшін бас бостандығынан айыруды өтеп жатқан жүкті әйелдерді, жас балалары бар әйелдерді, жас балаларын жалғыз өзі тәрбиелеп отырған еркектерді, елу сегіз жастағы және ол жастан асқан әйелдерді, алпыс үш жастағы және ол жастан асқан еркектерді, бірінші немесе екінші топтағы мүгедектігі бар адамдарды осы баптың үшінші және бесінші бөліктерінде көрсетілген мерзімдерді іс жүзінде өтегеннен кейін сот шартты түрде мерзімінен бұрын босатуы мүмкін.
Ауыр және аса ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыс үшін бас бостандығынан айыруды өтеп жатқан, ынтымақтастық туралы процестік келісімнің барлық талаптарын орындаған адамды осы баптың үшінші және бесінші бөліктерінде көрсетілген мерзімдерді іс жүзінде өтегеннен кейін сот шартты түрде мерзімінен бұрын босатуы мүмкін.
Бұл ретте адам жазаның қосымша түрін өтеуден толық немесе ішінара босатылуы мүмкін.
Жазаны өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын босату мына жағдайларда қолданылуы мүмкін: егер сотталған адам:      1) онша ауыр емес немесе ауырлығы орташа қылмыс үшiн тағайындалған жаза мерзiмiнiң кемiнде үштен бiрiн;      2) ауыр қылмыс үшiн тағайындалған жаза мерзiмiнiң кемiнде жартысын;      3) аса ауыр қылмыс үшiн тағайындалған жаза мерзiмiнiң кемiнде үштен екісiн;       3-1) егер бұрын қолданылған шартты түрде мерзімінен бұрын босатудың күші осы баптың жетінші бөлігінің 1) және 2) тармақтарында көзделген негіздер бойынша жойылған жағдайда, жазаның қалған өтелмеген мерзімінің кемінде үштен екісін;       4) егер бұрын қолданылған шартты түрде мерзімінен бұрын босатудың күші осы баптың жетінші бөлігінің 3) тармағында көзделген негіздер бойынша жойылған болса, жаза мерзімінің кемінде төрттен үшін іс жүзінде өтегеннен кейін;      5) сотталған адам процестік келісімнің барлық талаптарын орындаған жағдайда, ауыр қылмыс үшін тағайындалған жаза мерзімінің кемінде үштен бірін не аса ауыр қылмыс үшін тағайындалған жаза мерзімінің кемінде жартысын іс жүзінде өтегеннен кейін.
Шиелі аудандық соты әкімшісінің бас маман Ж.С.Оспанов
30 желтоқсан 2024 ж. 117 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№103 (9267)

30 желтоқсан 2024 ж.

№102 (9266).

28 желтоқсан 2024 ж.

№101 (9265)

24 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031