Ботулизм туралы не білесіз?

Аурудың негізгі белгілері 2-12 сағат аралығында байқала бастайды: науқас адамның басы ауырып, әлсірейді, лоқсып құсады, жүрегі тоқтап қалғандай болып, аузы құрғап, үнемі шөлдеп тұрады. Ботулизмнің диагностикасын эпидемиологиялық, клиникалық және лабораториялық көрсеткіштерге сүйеніп анықтайды. Ботулизм ауруының алдын алу жолдарына келсек, олар:
- санитариялық тазалықты сақтау, тамақ өнімдерін консервілеуде технологиялық процесті қатаң сақтау, консервіленген өнімдердің сақталуын қадағалау, жылы, ыстық орындарда сақтамау;
- сауда обьектілерінен үй жағдайында дайындалған консервіленген саңырауқұлақ, көкөніс, салат, ет, балық өнімдерін сатып алмау;
-консервіленген өнімдерді пайдалану алдында қақпағы күмпиген (ісінген) бомбаж және «бұлыңғыр» түрдегі өнімдерді пайдаланбау.
Ботулизм көп жағдайда өз уақытында анықталмайды. Клиникалық белгілерін басқа жұқпалы аурулармен шатастыру жағдайлары жиі кездеседі. Егер науқасқа уақтылы дәрігерлік көмек көрсетілмесе, организмнің токсиннен улануы салдарынан аз уақытта өлімге алып келеді. Сондықтан айтылған талаптарды орындап сатып алатын тағамдарыңызға сақтықпен қарағаныңыз жөн.
Шиелі аудандық санитариялық-эпидемиологиялықбақылау басқармасының басшы орынбасары
Болатова Гүлстан Бегайдарқызы