Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Ботулизм ауруынан сақтанайық !

Ботулизм ауруынан сақтанайық !

Ботулизм (латынша botulus- шұжық) - жалпы организмнің улануына әкеліп соғатын инфекциялық ауру түрі. Ботулизм – Clostridium botulinum бөліп шығаратын улы затпен (токсин) бүлінген, ластанған тамақтан жұғады, токсин -органикалық улардың ең күштілерінің бірі, адам үшін өлтіретін мөлшері болып 0,035 мг токсин саналады.
Ботулизмнің таралу жолы: Сіз ботулизмді жұқтырған тамақты жегенде немесе жараға бактериялар жұқтырған кезде жұқтыра аласыз. Ботулизм ауруының 90%-ы тұрмыстық жағдайында дайындалған саңырауқұлақ, баклажан, көкөніс, ет, балық консервілерін және тұздалған, ысталған балық, шұжықта, сүрленген шошқа етін пайдаланғаннан болады, яғни технологиялық ереже сақталмай дайындалған әр түрлі консервіленген тағамдарды пайдаланғанда орын алады. Консервіленген тағамда CI.botulinum микроорганизмі өсіп, жетілген кезде банкінің беті мен түбі ісінеді, осының салдарынан қақпағы көтеріледі, оны бомбаж дейді.
Ботулизмнің белгілері: Ботулизм белгілері токсинге ұшырағаннан кейін бірнеше сағаттан бірнеше күнге дейін пайда болады, бұл токсиннің ағзаға қанша түскеніне байланысты. Токсиннің ағзаға ену әдісіне қарамастан, оның нәтижелері бірдей. Аурудың негізгі белгілері 2-12 сағат аралығында байқала бастайды: науқас адамның басы ауырып, әлсірейді, лоқсып құсады, жүрегі тоқтап қалғандай болып, ауызы құрғап, үнемі шөлдеп тұрады, неврологиялық белгілер көздің қарашығы ұлғайып, алдында тұрған зат қосарланып көрінеді, науқастың жұтынуы қиындап, бірте-бірте дауысынан айрылады. Нәтижесінде тыныс алу бұлшықеттерінің сал ауруы пайда болады, бұл науқастың өліміне әкеледі.
 Ботулизм ауруының алдын –алу жолдары:
- санитариялық тазалықты сақтау, тамақ өнімдерін консервілеуде технологиялық процесті қатаң сақтау, консервіленген өнімдерді сақталуын қадағалау, жылы, ыстық орындарда сақтамау;
- сауда обьектілерінен үй жағдайында дайындалған консервіленген саңырауқұлақ, көкөніс, салат, ет, балық өнімдерін сатып алмау;
- консервіленген өнімдерді пайдалану алдында қақпағы күмпиген (ісінген) бомбаж және «бұлыңғыр» түрдегі өнімдерді пайдаланбау.

Шиелі аудандық санитариялық бақылау
басқармасының бас маманы Н.Оспанов
11 желтоқсан 2023 ж. 159 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№97 (9261)

06 желтоқсан 2024 ж.

№96 (9260)

03 желтоқсан 2024 ж.

№95 (9259)

01 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031